"Ұзындығы 16-18 см": Астанада тілі өсіп кеткен әйелге ота жасалды
Жарияланған күні:
Ұлттық ғылыми онкология орталығының мамандары сирек кездесетін "макроглоссия" диагнозы бар 62 жастағы науқастың тілін резекциялау бойынша бірегей операцияны сәтті жасаған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі ресми сайтында хабарлады.
"Науқас тілінің мөлшері үлкен болды. Ұзындығы 16-18 см-ге дейін және ені шамамен 10 см және қалыңдығы бірнеше см", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, макроглоссия - тілдің шамадан тыс ұлғаюымен сипатталатын сирек кездесетін патология. Бұл ауруда тіл аузына сыймайды, сондықтан кейбір пациенттер жиі аузын ашып жүруге мәжбүр болады. Макроглоссия көбінесе тыныс алудың, әсіресе түнде, жұтыну, және сөйлеу бұзылуына әкеледі, өмір сүру сапасын едәуір нашарлатады.
Министрлік мұндай патологияның сирек жағдайларына және хирургиялық тәжірибенің болмауына байланысты барлық медициналық мекеме операцияны қабылдауға дайын емес екенін атап өтті.
"Пациент ұйқы кезінде тыныс алудың бұзылуынан (апноэ), жұтынудың бұзылуынан және сөйлеудің бұзылуынан зардап шекті. Соматикалық жағдай бірқатар қатар жүретін ауруларды күшейтті: жүректің ишемиялық ауруы, миокард инфарктісі, коронарлық тамырларды аортокороналдық шунттау операциясы, жоғары дәрежелі артериялық гипертензия, қант диабеті, церебралдық атеросклероз, созылмалы вертебробазилярлық жеткіліксіздік", - деді ведомство өкілдері.
Ауыр соматикалық жағдайды ескере отырып, пациентті кардиологтар, кардиохирургтар, невропатологтар, эндокринологтар 3 ай бойы мұқият зерттеп, қараған. Осыдан кейін ҰҒОО басшылығының мақұлдауымен науқас емдеуге жатқызылып, операция жасалған.
Операциядан кейінгі ерте кезеңде реанимацияда болған кезде науқаста жіті жүрек жеткіліксіздігі дамыған. Реаниматологтардың, кардиологтардың, эндокринологтардың, орталықтың пульмонологтарының және басқа да көптеген мамандардың күшімен пациент осы жағдайдан шығарылған.
Дәрігерлердің айтуынша одан кейін науқастың жағдайы өте қанағаттанарлық болған. Резекцияланған тілдің операциядан кейін ем асқынусыз өтіп, науқас амбулаториялық емдеуге 12-ші күні шығарылды.
"Екі айдан астам уақыт өткеннен кейін операцияның оң нәтижесі анықталды. Науқастың жағдайы өте қанағаттанарлық. Тіл әдеттегі өлшемдерге ие болды. Өмір сапасы айтарлықтай жақсарды. Жұтыну қалыпты жағдай. Біртіндеп бейімделу мен сөйлеуді қалпына келтіру процесі жүргізілуде", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2031436-uzyndygy-16-18-sm-astanada-tili-osip-ketken-aielge-ota-zasaldy/