Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қалтырау, әлсіздік, дене қызуы: Көкшетауда 40-тан астам әскерге шақырылған сарбаз ауруханаға жатқызылды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Сарбаз
Сарбаздың аяқ киімі. Көрнекі фото: pixabay.com

Көкшетауда бір аптада 40-тан астам әскерге шақырылған сарбаз ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Жауынгерлер бас ауруына, әлсіздікке, дене қызуының көтерілуіне шағымданған. Бесеуінен менингококк бактериясы табылған, деп хабарлайды КТК арнасы.

Телеарна ақпаратынша, Көкшетау қаласында әскери бөлімшеде биыл жедел шақырылымның сарбаздары кенет бас ауруына шағымданып, қызуы көтерілген. Ауруханаға 44 сарбаз жатқызылды, бір науқастың жағдайы тым ауыр.

Олардың бесеуінен менингококк бактериясы табылған.

"Өзім таңертеңнен бір тұрдым. Сол кезде тоңып, басым ауыра бастады. Медициналық бөлімшеге бардым. Осы жерге алып кетті. Бірге түстік, сол түні тап екеуіміз бір уақытта ауырдық", — деді әскери бөлімшенің сарбазы Аян Тілеухан

Телеарна хабарлауынша, кенет денсаулығы сыр берген сарбаздарды әскери бөлімшенің дәрігерлері тексерген, кейін барлық науқас шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген.

Медицина қызметкерлерінің сөзінше, бір сарбаздың жүрегі тоқтап қалған, бірақ өлім ауызынан аман қалған.

"Ауруханаға әкелгенде дене қызуы 40 градус болған, безгегі ұстап, қалтырап тұрды. Бірден алты адам түскен, кейін тағы науқас әкелінген. Бір сарбаздың жағдайы мүлдем нашар болды. Денесі құрысып, тартылып, тіпті жүрегі тоқтап, әйтеуір дәрігерлер жанын сақтап қалды. Ол әлі де жансақтау бөлімшесінде жатыр. Нақты толық есін жиды деп айта алмаймын", — деді Көкшетау көпсалалы аурухананың директоры Сәкен Қалымжанов.

Оқиғадан кейін сарбаздардың сырқаттану салдарын анықтау мақсатында әскери бөлімшеге мамандар тартылған. Жағдай зерттелуде.

Қазір әскери бөлімшенің барлық жауынгері толық тексеруден өтуде. Әскери бөлімшеге шектеулер енгізілген. Жас сарбаздарға тіпті қаладағы қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін сыртқа шығуға және бір сапқа тұруға рұқсат берілмейді.

Сондай-ақ сарбаздармен байланыста болған 278 адам толық тексерістен өткен. Әзірге сараптама қорытындысы дайын емес.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2034369-qaltyrau-alsizdik-dene-qyzuy-koksetauda-40-tan-astam-askerge-saqyrylgan-sarbaz-auruxanaga-zatqyzyldy/