Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Уланған болуы мүмкін": Өскеменде колледждің 10 студенті ауруханаға түсті

Жарияланған күні:

Читать на русском
жедел жәрдем көлігі
Жедел жәрдем көлігі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Өскемендегі колледждердің бірінде студенттер жаппай ауруханаға түсті. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Yk-news.kz.

Басылымның жазуынша, 10 қазан күні "Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі" КММ-ның 1-курста оқитын 10 студенті жедел жәрдем көлігімен қаладағы Ана мен бала орталығына жеткізілген.

10 студенттің барлығына алдын ала тамақтан улану диагнозы қойылған. Тексеруден кейін олар амбулаторлық ем алуға жіберілген.

Сондай-ақ басылым мәліметінше, 11 қазанда колледж студенттері қашықтықтан оқытуға көшіріліп, асхананы жалға алушы зертханалық тексерудің қортындысы белгілі болғанға дейін жұмысын тоқтатқан.

ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдерінің хабарлауынша, мамандар азық-түлік пен судың құрамын зерттеу үшін сынама алған, бірақ әзірге қорытындысы дайын болмаған.

"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 304-бабының 1-бөлігі ( Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп хабардар етті ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2040634-ulangan-boluy-mumkin-oskemendegi-kolledzdin-10-studenti-auruxanaga-tusti/