Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да қызамықпен ауырған бала көз жұмды

Жарияланған күні:

Читать на русском
аурухана
Аурухана. Көрнекі фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданында қызамықпен ауырған алты баланың бірі көз жұмды, екіншісінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды "Мой город" басылымы облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының өкілдері қызамық жұқтырған бес бала бір балабақшаға барғанын хабарлаған. Қазір мекеме карантинге жабылған.

"Тасқала аудандық ауруханасында екі бала, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында тағы екеуі стационарлық ем алып жатыр.

Бір бала карантиннен шықты. Бір бала көз жұмды. Патологанатомиялық сараптама жасалды. Өлімнің нақты себебі қосымша зерттеулерден кейін анықталады", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.

Ведомствоға сілтеме жасаған басылымның жазуынша, стационарлық ем алып жатқан төрт баланың үшеуінің жағдайы орташа ауыр. Бір баланың жағдайы ауыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2049767-bqo-da-qyzamyqpen-auyrgan-bala-koz-zumdy/