Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда жансақтау бөлімінде сәби көз жұмды

Жарияланған күні:

Сәби
Сәби. Көрнекі фото: pixabay.com

Атырау облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде сәби көз жұмды. Ол бір апта бұрын жағдайы жақсарғандықтан ауруханадан шығарылған, деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.

Басылым жазуынша, 23 желтоқсанда Атыраудағы №2 облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде ауыр жіті вирустық инфекция мен пневмонияның асқынуынан 2023 жылы туған нәресте көз жұмған.

Белгілі болғандай, сәби 9-15 желтоқсан аралығында ЖРВИ және жедел бронхит диагнозымен ауруханада емделген. Жағдайы жақсарған соң үйіне шығарылып, ауруханадан шыққан кезде мекенжайы бойынша актив №1 емханаға бекітілген. Екі күннен кейін баланың ата-анасы емдеу мекемесіне қайта барып қаралған.

Сәби 21 желтоқсанда жағдайы нашарлап, дене қызуы көтеріліп, жөтелінің күшеюіне байланысты ауруханаға қайта жатқызылған.

№2 Атырау облыстық ауруханасы әкімшілігінің мәліметінше, қойылған диагноз негізінде сәбиге емдеу хаттамасына сәйкес емдік-диагностикалық шаралар тағайындалған.

23 желтоқсанда нәресте ауыр жіті вирустық инфекция мен пневмонияның асқынуына байланысты жансақтау бөліміне ауыстырылған. Алайда жүргізілген барлық жансақтау шарасына қарамастан көз жұмған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2052756-atyrauda-sabi-zansaqtau-boliminde-koz-zumdy/