Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде қызылша жұқтырған бес сәби жансақтау бөлімінде жатыр

Жарияланған күні:

Аурухана дәлізі
Аурухана іші. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбеде қызылшамен ауырған бес сәби жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің сөзінше, балалар ауруға қарсы екпе алмаған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна тілішісінің хабарлауынша, жансақтау бөлімінде жатқан сәбилердің ең кішкентайлы алты айлық, ал үлкені екі жарым жаста. Ешбірі қызылша ауруына қарсы екпе алмаған.

Дәрігерлер кезінде вакцина алған аналардың ағзасында аурудан қорғайтын антидене болатынын айтады. Сәбиді емізгенде ана сүтімен сол қызылшадан қорғайды екен. Бірақ антидене мөлшері төмендесе балаға қауіпті.

Қазір Ақтөбедегі жұқпалы аурулар ауруханасында қызылша жұқтырған 145 науқас емделіп жатыр. Олардың көбі — балалар. Қалған жиырма шақты ересектің арасында жүкті келіншектер де бар.

"Бес баланың біреуі де апаратта емес. Олар жаңадан түскен науқастар. Барлығы екпе алмаған. Сондықтан олардың алғашқы диагноздары пневмония, бронхиолит, бронхит. Жансақтау бөлімшесінде бақылауда жатыр", - дейді Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Түлкібаева.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2056112-aqtobede-qyzylsa-zuqtyrgan-bes-sabi-zansaqtau-boliminde-zatyr/