Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан үкіметі қатерлі ісікке қарсы жаңа дәрі жасалғанын мәлімдеді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қатерлі ісік
Көрнекі фото: medhaus.ru

Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанда қатерлі ісікке қарсы әлемде баламасы жоқ дәрі жасалып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қатерлі ісікке қарсы отандық D-VC (Made in Kazakhstan) препаратын жасау" жобасы бойынша қатерлі ісікке қарсы әлемде баламасы жоқ жаңа препарат қарқынды әзірленіп жатыр. Бұл препарат жасалу барысында терапияны қиындататын аса ауыр деңгейдегі қатерлі ісік түрлерімен ауыратындардың өмірін ұзартады", - деді министр.

Саясат Нұрбек бұл препарат онкологиямен күресудің инновациялық жолы екенін айтты.

"Биотехнолог Дос Сарбасов ұзақ уақыт бойы Техас университетінде Андерсон атындағы онкологиялық зертханада жұмыс істеген. Ол жасушалық қорек бағыты бойынша маманданған. Ол қатерлі ісік жасушаларының қоректену үдерісін жою амалын тапты. Бұл қатерлі ісікпен күресудің инновациялық әдісі.

Біз бірінші қояндар мен тышқандарға эксперимент өткізу кезеңінен өттік. Бүгінгі таңда онкология университетінде 15 адам бірінші кезеңнен өткен. Келесі жылы нарыққа шығаруды жоспарлап жатырмыз", - деп қосты ғылым және жоғары білім министрі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2057022-qazaqstan-ukimeti-qaterli-isikke-qarsy-zana-dari-zasalganyn-malimdedi/