Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Онколог Алматы экологиясынан тұрғындар өкпе обырына шалдығуы мүмкін екенін айтты

Жарияланған күні:

Алматы
Алматы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы онкология орталығының гинекологиялық онкология бөлімінің меңгерушісі Райхан Болатбекова Алматы экологиясы онкология проблемасының өршуіне әсер етіп жатқанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Көптеген зерттеу жүргізіліп, адам өмір сүретін нашар орта онкологиялық процестің қозуына шынымен әсер ететінін дәлелдеді. Бұл, әсіресе, өкпе ісігіне қатысты", - деді Райхан Болатбекова Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Қазір Алматы онкология орталығында 31 мыңнан астам адам есепте тұр.

"2023 жылдың аяғында Алматыда 5 491 науқас анықталып, есепке алынды. Қатерлі ісіктердің сырқаттанушылық құрылымы өткен жылмен салыстырғанда өзгеріссіз қалды.

Бірінші орында сүт безі обыры, 14,5 пайыз (794 жағдай). Екінші орында – тоқ ішек және тік ішек обыры 8,9 пайыз (489 жағдай), үшінші орында – өкпе обыры 6 пайыз (332 жағдай)", - деді Алматы онкология орталығының директоры Нұрсұлтан Ізбағамбетов.

Онкологиялық орталықта онкологиясы анықталған 31 мыңнан астам тұрғын есепте тұр. Өсім 8,2 пайызға тең болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2057281-oknolog-almaty-ekologiyasynan-turgyndar-okpe-obyryna-saldyguy-mumkin-ekenin-aitty/