Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"80 мың теңге төлеген": БҚО-да 26 жастағы келіншектің туыстары түсік жасаған дәрігерлерді айыптады

Жарияланған күні:

Читать на русском
ота жасап жатқан дәрігерлер
Ота жасап жатқан дәрігерлер. Көрнекі фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысында жасанды түсік жасатқан 26 жастағы келіншектің денсаулығы нашарлаған. Оның туыстары бұған дәрігерлердің салғырттығы себеп деп отыр, Айтуынша, ақ халаттылар түсік жасаған кезде жатырдағы ұрық толық тазаланбаған, деп хабарлайды Astana TV телеарнасы.

Туыстарының айтуынша, 26 жастағы келіншек құсып, іші ауырып, облыс орталығынан Оралға жеткізілген. Дәрігерлер оны жүктіліктің екінші айында түсік жасатуға жіберген. Туыстарының сөзінше, пациент операция үшін 80 мың теңге төлеген, бірақ оның жағдайы одан сайын нашарлаған.

Бір айдың ішінде келіншек бес рет ауруханаға түсті, дейді туыстары. Кейін дәрігерлер оны жеке емханаға жіберуді ұйғарған, сонда түсік жасатқанда ұрықтың дұрыс тазаланбағаны анықталған.

Енді оның туыстары дәрігерлердің жауапқа тартылуын талап етуде.

"Бәрін бір жасауға болатын еді. Жатырды екі рет наркозбен тазалады, бұл әйелдің денсаулығы үшін өте қауіпті. Болашақта ана болу мүмкіндігінен айырылуы мүмкін. Дәрігерлердің жауапқа тартылуын және шара қолдануын талап етемін", - деп туысы телеарнаға сұхбат берген.

Дәрігерлер ауыр токсикоздың салдарынан жүктілікті сақтау мүмкін болмағанын айтады.

"Бізде осындай ауыр токсикоздың түрімен келетіндер көп. Дәрігерге бармайды, 2-3 айға дейін созылып кетсе, бала дамуы нашарлап, зат алмасу бұзылады", - дейді облыстық көпсалалы аурухананың бөлім меңгерушісі Гүлнар Мұқанова.

Телеарна мәліметінше, Аймекен әлі облыстық ауруханада жатыр. Дәрігерлер науқастың жағдайы ауыр екенін айтты. Дәрігерлер жақын арада кеңес өткізіп, басқа медициналық мекемелердің мамандарын тарту жоспарланып жатқанын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2058148-tusik-durys-zasalmagan-bqo-da-aieldin-tuystary-darigerlerdi-aiyptady/