Шымкенттік дәрігерлер грек жаңғағын жұтып қойып тұншыққан сәбиді құтқарды
Жарияланған күні:
Шымкенттік дәрігерлер грек жаңғағын жұтып қойған 10 айлық сәбиді құтқарды. Ауруханаға жеткізілгенде сәбидің жағдайы өте ауыр болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 26 қаңтарда №3 қалалық аурухананың жансақтау бөліміне өте ауыр жағдайда 10 айлық нәресте жедел жәрдем көлігімен жеткізілген.
Анасының айтуынша, грек жаңғағын жеу барысында бала кенеттен тұншығып, дем алысы нашарлап, беті көгеріп, мазасызданған.
"Нәресте тікелей жан сақтау бөлімшесіне жатқызылды. Аурухананың жан сақтау бөлімшесінің реаниматолог дәрігерлері жоғары білікті реанимациялық көмек көрсетті. Шұғыл түрде Шымкент қаласының балалар клиникалық ауруханасының фибробронхоскопист Түлкібаев А.Б. дәрігерімен бірге тыныс алу жолдарынан бөгде затты алып тастау арқылы санациалық фибробронхоскопия жасалды", - делінген хабарда.
Басқарма ақпараты бойынша, қарқынды терапия мен сәтті реанимациядан кейін бүгінгі таңда баланың жағдайы тұрақталып анасының жанында емін жалғастыруда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2058528-symkenttik-darigerler-grek-zangagyn-zutyp-qoiyp-tunsyqqan-sabidi-qutqardy/