Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында мерзімі өткен екпе салынған: өңірлік басқарма мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Қызылшаға қарсы екпе салу сәті
Қызылшаға қарсы екпе салу фото. Көрнекі сурет. Фото: Fiona Goodall/Getty Images

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы балаларға мерзімі өтіп кеткен екпе салыну дерегі бойынша пікір білдірді. Бұған дейін прокуратура өкілдері бұл деректі анықтағаны хабарланған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Денсаулық сақтау басқармасының сайтындағы ақпарат бойынша, жарияланымдарда көрсетілген фактілер бойынша денсаулық сақтау басқармасы басшысының төрағалығымен комиссия құрылыпты.

"Денсаулық сақтау басқармасының орталықтандырылған қоймасынан жарамдылық мерзімі өткен вакциналар облыстың медициналық ұйымдарына берілмеген.

Қазіргі уақытта қызметтік тексеріс жүргізілуде. Тексеру аяқталғаннан кейін, екпе жұмыстарының немқұрайлықпен жүргізілгендігі анықталған жағдайда, жауапты адамдарға қатысты сәйкесінше іс-шаралар қабылданатын болады", - делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ денсаулық сақтау басқармасының мекенжайына өткізілген тексеріс қорытындылары бойынша актілер келіп түспегені айтылады.

Айта кетейік, кеше, 5 ақпанда Павлодар облыстық прокуратурасы балаларға мерзімі өтіп кеткен екпе салыну дерегі анықталғанын хабарлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2059290-pavlodar-oblysynda-merzimi-otken-ekpe-salyngan-onirlik-basqarma-malimdeme-zasady/