Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар қант диабеті, онкология және туберкулезге тегін тексеріледі

Жарияланған күні:

Әйел адам құжатқа қол қоюда
Құжатқа қол қою. Көрнекі фото: Рexels.com

Бүгін мәжілісте Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы әлеуметтік маңызы бар ауруға күдікті қазақстандықтар МӘМС мәртебесіне қарамастан тегін тексерілетінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан, әлеуметтік маңызы бар дертке күдікті адамдарға медициналық көмек көрсету мақсатында нормативтік-құқықтық базаға өзгерістер енгізуде.

Бұған дейін тұрғындардан диагноз қою мақсатында клиникалық-диагностикалық зерттеулер алу бөлігінде медициналық көмектің қолжетімділігін шектеу туралы көптеген шағым түскен.

Енді әлеуметтік маңызы бар ауруларға күдікті адамдарға емнің клиникалық хаттамаларына сәйкес МӘМС жүйесіндегі сақтандыру мәртебесіне қарамастан тегін негізде диагностикалық зерттеулер қолжетімді болады", – деді денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Айта кетейік, Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар аурулардың тізіміне мыналар кіреді:

  • туберкулез;
  • адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған ауру;
  • созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр циррозы;
  • қатерлі ісіктер;
  • қант диабеті; психикалық, мінез-құлық бұзылыстары (аурулары);
  • церебральды сал ауруы; жедел миокард инфарктісі (алғашқы 6 ай);
  • ревматизм;
  • дәнекер тіннің жүйелі зақымданулары;
  • нерв жүйесінің дегенерациялық аурулары;
  • орталық нерв жүйесінің миелинсіздендіруші аурулары;
  • орфандық аурулар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2070135-qazaqstandyqtar-qant-diabeti-onkologiya-zane-tuberkulezge-tegin-tekseriledi/