Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ота жасауға 110 мың доллар қажет: қанның қатерлі ісігіне шалдыққан қостанайлық 6 жасар қыздың анасы көпшіліктен көмек сұрады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Айлана
Айлана. Фото: Жеке мұрағаттан алынған

Қостанайлық 6 жасар Айлана үш жыл бойы өмірі үшін арпалысып келеді. Оған жедел лимфобластикалық лейкоз диагнозы қойылған. Қыз бала қазір Түркияда ем қабылдап отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

2020 жылдың тамызында Айлана үш жасқа толған кезде денсаулығы күрт нашарлап, қатты шаршап, тамақ ішпей, өңі бозарып кеткен. Ата-анасы жедел жәрдем шақырып, баланы ауруханаға жеткізген. Тексеру нәтижелері қыздың ата-анасының көңіліне қаяу түсірген.

"Осыдан кейін олар (медицина қызметкерлері – ред.) дереу сүйек кемігі майын тексерді. Келесі күні олар маған қызымда қанның қатерлі ісігі барын айтты. Бізді бірден Астанаға жіберді. Олар дереу химиотерапияны, кейін сәулелік терапияны бастады және осының бәрі бір жыл ішінде болды. Сосын қызым тағы бір жыл үйде емделді, Түркиядан "химияға" тапсырыс бердік. Бірақ оның ремиссиясы ұзаққа созылмады", - деп еске алады қыздың анасы Әлия Жақыпова.

2023 жылдың қарашасындағы жағдай бойынша талдаулардың көрсеткіштері тағы төмендеген. Сүйек кемігі майын талдау кезінде рецидивті көрсетті.

"Сүйек кемігі майында 95 пайыз қатерлі ісік жасушалары болды. Бізді шұғыл қызымды бірінші рет емдеген жерге Астанаға жіберді. Сол кезде қызымның генетикалық ақауы бары анықталмай, емделмегені белгілі болды. Қызымды екінші рет Қазақстанда емдеуге қорықтым. Сол күні бөлімде бір бала көз жұмды, мен қызым үшін қатты қорықтым.

Біз қаражат жинап, Түркияға барып емделуді жөн көрдік. Түрік профессорлары Айланаға химиотерапия мен сүйек кемігі майын ауыстыру қажет екенін айтты. Қазір қызыммен Стамбұлдамын.

Ем қабылдау ұзақ әрі қымбат болмақ және жомарт адамдардан қолдауларыңызды сұраймын. Дұға оқысаңыз да, жылы сөзбен жігерлендірсеңіз де, қаржылай көмек көрсетсеңіз де – әрбір қосқан үлесіңіз біз үшін өте маңызды", – деді Әлия.

Айлана
Айлана. Фото: Жеке мұрағаттан алынған

Бүгінде Айлана химиотерапияның бір курсын бітірді, алда екінші курстан өтуі керек, содан кейін қызға сүйек кемігін ауыстыру бойынша ота жасалады. Ота құны 110 000 доллар. Қазір донор табылған.

Мұндай сома бір отбасы үшін ауыр жүк. Оған қоса химиотерапия мен т.б. дәрі-дәрмектердің шығыны бар. Айлананың ата-анасы шетелдік дәрігерлер оны құтқара алатынына сенімді.

"Біздің жеке пәтеріміз де, көлігіміз де жоқ. Қарапайым отбасымыз. Ондай мүлікті сату арқылы ақша жинауға мүмкіндігіміз де жоқ. Сондықтан қолы ашық жандарға сенім артып, бұл қорқынышты дертті жеңетінімізге үміттенемін.

Үйде Айлананың інісі Асанәлі күтіп отыр, ол небәрі 1 жаста, ол менің назарыма мұқтаж және 10 жаста болғанымен жағдайымыздың қаншалықты ауыр екенін түсініп, біз сияқты бір ғажайыпты күтіп жүрген Жансел атты әпкесі бар. Айлана әпкесі мен інісін қатты сағынады, күнде жылап, үйге қашан баратынымызды, қашан оларды көре алатынын сұрайды", – дейді Әлия.

Реквизиттер:

Kaspi: 4400 4302 1232 1241

Банк картасы мына нөмірге тіркелген: +7 707 818 7736 Әлия Ж., анасы

Сбербанк: 2202 2062 6977 0967

Банк картасы мына нөмірге тіркелген: +7 908 095 51 76 Жұмабек Ж.

Halyk: 4405 6397 6345 4269 (мультивалюталық)

Банк картасы мына нөмірге тіркелген: +7 747 879 8970 - Мейрам Ж., әкесі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2081369-ota-zasauga-110-myn-dollar-qazet-qannyn-qaterli-isigine-saldyqqan-qostanailyq-6-zasar-qyzdyn-anasy-kopten-komek-surady/