Қарағандыда тұңғыш рет робот-хирургтың көмегімен ота жасалды (видео)
Жарияланған күні:
Қарағандылық нейрохирургтар тұңғыш рет робот-хирургтың көмегімен миға күрделі операция жасады. Бұл туралы 24.KZ хабарлайды.
Телеарна мәліметінше, эпилепсияның ауыр түріне шалдыққан науқасқа көрсетілген ем-шара сәтті өтті.
Әмбебап машина көмегімен ми ісігін биопсиялау, мидың терең стимуляторын импланттау сынды операцияларды тез әрі сапалы жасауға болады. Робот-хирургты тәжірибелік сынақтан өткізу үшін Қытай дәрігерлері көмек көрсетті.
Келешекте еліміздің клиникаларына осындай заманауи қондырғылар алынады.
"Робот бізге өте жақсы көмектеседі. Оталарымыз тез өтті. 1 әрі кетсе 2 сағаттың ішінде. Ешқандай асқынуды көрген жоқпыз. Келешегіміз осындай машиналарда болады деп ойлаймын", - дейді нейрохирургия және неврология орталығының жетекшісі Ғабит Махамбет.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2084411-qaragandy-tungys-ret-robot-xirurgtyn-komegimen-ota-zasaldy-video/