Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда апельсинге қақалған зейнеткер өлім құша жаздады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Зейнеткер
Зейнеткер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Атырауда 73 жастағы әйел апельсин тіліміне қақалып, клиникалық өлімге ұшырады. Жедел жәрдем дәрігерлері оны аман алып қалған, деп хабарлайды Telegram-дағы Atyrau Online арнасы.

Басылымның облыстық жедел жәрдем станциясының ақпаратына сілтеме жасап жазуынша, 73 жастағы Атырау тұрғыны апельсин тіліміне қақалып, өліп қала жаздады.

"Егде әйел сөйлей алмады, оның тыныс алуы қиындап, шулы болды. Геймлих әдісімен алғашқы көмек көрсетпек болған кезде әйел 1,5 минут ішінде есін жоғалтып, клиникалық өлімге ұшырады", - делінген хабарламада.

Сәтті реанимациялық шаралардан кейін әйел есін жиған. Ол одан әрі сауықтыру үшін Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2095775-atyrauda-apelsinge-qaqalgan-zeineitker-olim-qusha-zhazdady/