Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денсаулық сақтау министрі балалардың жазғы лагеріне санитарлық бақылау қалай жүргізілетінін айтты

Жарияланған күні:

Ақмарал Әлназарова фото
Ақмарал Әлназарова: Фото: Үкімет

Денсаулық сақтау министрлігі балалардың жазғы лагерьлеріне санитарлық бақылау қалай жүргізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Министрлік берген ақпаратқа сәйкес, жазғы лагерьлер балалар келгенге дейін қала сыртындағы лагерьлер барлық талапқа сәйкестігін растайтын санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алуға міндетті.

"Консультациялық көмек көрсету үшін әр лагерьге санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары бекітілді. Демалыс базаларын бақылау шеңберінде жүргізілген жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары, аумақты тазалау мен абаттандыру, инженерлік желілердің жұмыс істеу тиімділігі және басқа да түйінді параметрлер қаралады. Жазғы сауықтыру ұйымдары басшылығының қатысуымен 100-ден астам оқыту семинарлары өткізілді. Санэпидбақылау комитетінде жазғы сауықтыру ұйымдарының жұмысында қандай да бір бұзушылықтар анықталған кезде ауызша немесе жазбаша шағыммен жүгінуге болатын жедел желі ұйымдастырылған", - деп жазды министрлік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2104278-densaulyq-saqtau-ministri-balalardyng-zhazgy-lagerine-sanitarlyq-baqylau-qalai-zhurgiziletinin-aitty/