Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордалық жедел жәрдем қызметкерлері Home Credit Bank-тен жаңа униформа алды

Жарияланған күні:

Вручение грамоты
Фото: Серикжан Ковланбаев

16 маусым Қазақстанда Медицина қызметкері күні аталып өтеді. Осы кәсіби мерекеге арналған маңызды шара туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Астанада жедел жәрдем дәрігерлері мен жүргізушілері Home Credit Bank-тен сыйлыққа жаңа жаздық киім алды. Қызметкерлерге барлығы 1750 униформа берілді (1300-і медицина қызметкерлеріне, ал 450-і жүргізушілерге арналған). Банк жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне маңызды әрі ауыр еңбегі үшін осылай алғыс айтуды жөн көрді.

Айта кететін жайт – Home Credit Bank мұндай әлеуметтік шараны бірінші рет өткізіп отырған жоқ. Мысалы 2024 жылдың басында жедел жәрдем қызметкерлері сыйлыққа 1100 қыстық киім жиынтығын алған.

Сотрудники столичной скорой помощи
Фото: Серикжан Ковланбаев

Жедел жәрдем қызметкерлерін қолдауға бағытталған қайырымдылық жобасы банктің "Көмектесуге қуаныштымыз" стратегиясының аясында 2022 жылы іске қосылды. Осы уақыт ішінде алматылық дәрігерлерге 5000, елордалық дәрігерлерге 2850 униформа табыс етілді. Олардың жалпы құны 197 млн ​​теңгеге тең.

Униформа тапсыру рәсіміне қатысқан Home Credit Bank басқарма төрағасының орынбасары Виктор Батрак бұл өзі үшін үлкен мәртебе екенін атап өтті. Сондай-ақ банк өкілі әр медицина қызметкерінің еңбегі маңызды екенін еске салды.

Сотрудники столичной скорой помощи
Фото: Серикжан Ковланбаев

"Қыста астаналық дәрігерлер мен жедел жәрдем жүргізушілерін қыстық құрал-жабдықтармен қамтамасыз еттік, ал бүгін жаздық киімдер жиынтығын табыс етіп жатырмыз. Біз оны арнайы киімдерге қойылатын барлық талапты ескере отырып тіктірдік. Home Credit Bank 2022 жылы алғыс ретінде жедел жәрдем қызметкерлеріне күнделікті қиындыққа толы жұмысын орындауды жеңілдету мақсатында қолдау көрсетуді жақсы дәстүр ретінде қалыптастырды.

Бүгінгі таңда Алматы, Астана қалаларының медицина қызметкерлеріна 8000-ға жуық киім жиынтығы табысталды. Кезекті рет барлық медицина қызметкеріне кәсіби мереке қарсаңында құрмет білдіре отырып, оларға күш-қуат, денсаулық, төзімділік тілеймін, өйткені қазақстандықтардың денінің саулығы мен өмірі сіздердің қолыңызда", - деді Виктор Батрак.

Сотрудники столичной скорой помощи
Фото: Серикжан Ковланбаев

Медицина қызметкерлеріне сыйға тартылған униформа жиынтығында жейде, шалбар, толстовка және жилеттер бар. Ал жүргізушілер күртеше, шалбар және жағалы поло алды. Елордалық жедел жәрдем станциясының қызметкерлері алдағы айларда өздеріне қажет жаздық киімнің сапасын жоғары бағалады.

"Жедел жәрдем қызметкерлерінің бірыңғай формасы барлық талапқа сай болуы қажет және мамандықтың қыр-сыры түгел ескерілуі керек, ол өте маңызды. Арнайы киім жеңіл, ыңғайлы және функционалды болғаны жөн, себебі медицина қызметкерлері күн райының қандай болғанына қарамастан сыртта жүреді. Сонымен қатар ол сапасы жақсы, су өткізбейтін матадан тігілуі және қозғалысқа кедергі келтірмейтіндей болуы керек.

Home Credit Bank сыйға тартқан униформа осы сипаттаманың бәріне сәйкес келеді. Киімдегі жарыққа шағылысатын жолақтар түнде қызметкерлердің көзге көрінуін қамтамасыз етеді. Біз Home Credit Bank-ке біздің қызметкерлердің жұмысына қолдау көрсетіп, көңіл бөліп отырғаны үшін алғыс білдіреміз", - деді қалалық жедел жәрдем станциясы директорының міндетін атқарушы Арман Баянбаев.

Униформа сотрудников скорой помощи от Home Credit Bank
Фото: Серикжан Ковланбаев

Home Credit Bank өкілдері жаңа униформа отандастарымыздың өмірін сақтау үшін, халық денсаулығын қорғау үшін күнделікті тынбай еңбек етіп жүрген астаналық жедел жәрдем қызметкерлеріне ұнайды деп үміттенеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2116635-elordalyq-zhedel-zhardem-qyzmetkerleri-home-credit-bank-ten-zhanga-uniforma-aldy/