Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-дағы улану дерегі: аман қалғандардың қазіргі жағдайы белгілі болды

Жарияланған күні:

Аурухана
Ауруханадағы бала. Көрнекі фото: Getty Images / Alexandra Pavlova

Дәрігерлер Солтүстік Қазақстан облысында уланып, ауруханаға түскен әйел мен баланың жағдайынан хабардар етті. Бұған дейін осы отбасының екі баласы уланып қайтыс болған еді, деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Дәрігерлердің айтуынша, үлкен ұлдың жағдайы тұрақталған. Ол жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Бала қазір облыстық балалар ауруханасында жатыр.

"Жағдайы ауыр болғандықтан, ол дереу жансақтау бөліміне жатқызылды, шұғыл консилиум құрылды, баланы барлық қажет дәрігерлер тексерді. Тиісті зертханалық аспаптық зерттеулер жүргізілді, яғни қанның, зәрдің және биохимияның жалпы талдауы жасалды. Белгісіз заттан улануды емдеу диагностикалық хаттамасына сәйкес емдеу толықтай жүргізіліп жатыр", - деді облыстық көп бейінді балалар ауруханасының директоры Нұрлан Айманов.

Әйелдің де жағдайы да тұрақталған. Қазір онымен психолог жұмыс істеп жатыр.

"Науқас жұқпалы аурулар бөліміне ауыр жағдайда түсті. Ол бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Бірден шокқа қарсы терапия және детоксикация терапиясы жүргізілді. Жансақтау бөлімінде төрт күн емделді. Бүгін жағдайы тұрақтанғаннан кейін палатаға жатқызылды, қазіргі уақытта жағдайы тұрақталып, жақсарып келеді. Емдеу жұмыстары да жүргізіліп жатыр", - деді облыстық көпбейінді балалар ауруханасы меңгерушісінің орынбасары Шынар Смағұлова.

Айта кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Надежка ауылында бір отбасы тамақтан уланып қалғанын жазған едік. Ауыл дүкенінен тамақ алған отбасы кешкі ас дайындап, артынша жатып қалған. Туыстарының айтуынша, алдымен кішкентай сәби құса бастаған. Артынша қалған екі баланың хәлі нашарлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2119155-sqo-dagy-ulanu-deregi-aman-qalgandardyng-qazirgi-zhagdaiy-belgili-boldy/