"48 млн теңге жинау керек": Ақтау тұрғыны бір жасар ұлын емдеу үшін қазақстандықтардан көмек сұрады
Жарияланған күні:
Читать на русскомАқтауда бір жасар Ғалымжан бірнеше ай бойы лейкоз – қанның қатерлі ісігімен күресіп келеді. Сәбиге жілік майын ауыстыру керек, алайда ота жасау құны 48 миллион теңгеден асады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Ұлыма 2023 жылғы қыркүйекте, өмірінің 5-ші айында жедел лимфобластикалық лейкоз диагнозы қойылды. Біз Алматыдағы педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында екі рет химиотерапиядан өттік. Қазір Ғалымжанның жілік майын ауыстыру бойынша дереу ота жасау қажет.
Біз Ыстамбұлдағы жілік майын трансплантациялауға маманданған Acibadem клиникасымен келіссөз жүргіздік. Олар бізге көмектесуге дайын. Дәрігерлердің ұсынысы бойынша емдеуді дереу бастау керек, бірақ ем алу құны – 107 000 доллар (48 500 000 теңге)", - дейді баланың әкесі Жасұлан Кәрібаев.
Оның айтуынша, отбасының қаржылық жағдайы қиын. Оған қоса Ғалымжаннан бөлек отбасында тағы үш бала бар.
"Бұл ота сәбиіміздің сауығып, еркін өмірге оралуының жалғыз мүмкіндігі", - деді әкесі.
Реквизиттер:
Kaspi: 4400 4302 7956 4758
Банктік карта мына нөмірге тіркелген: +7 701 224 49 00, Жасулан К, әкесі
Halyk: 4003 0351 8796 9733
Instagram: @help.galymzhan.aktau
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2119257-48-mln-tengge-zhinau-kerek-aqtau-turgyny-bir-zhasar-ulyn-emdeu-ushin-qazaqstandyqtardan-komek-surady/