Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда кене шаққан адамдар саны көбейген: жауапты ведомство статистикалық мәлімет жариялады

Жарияланған күні:

Кене
Кене. Көрнекі фото: pixabay.com

Кене белсендірілігі маусымы басталғалы Алматыда 2 мыңға жуық алматылық ауруханаға жүгінді. Кене энцефалиті де тіркелді. Бұл туралы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ресми сайтында хабарлады.

Ведеомство кене шағу бойынша статистикалық мәлімет жариялады.

Алматы қаласында орман алқаптарын, халықтың жаппай демалатын жерлерін – саябақтарды, скверлерді кенеге қарсы өңдеу жүргізілді. 14 мамыр мен 11 маусым аралығында барлығы 2000 гектардан астам аумақ өңделді.

"Кене белсенділігі маусымы басталғаннан бері 2024 жылдың 20 маусымдағы жағдай бойынша 1927 адам кене шағуымен медициналық ұйымдарға жүгінді, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде (1944 адам). Тістеген 14 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы 47,2% (911 бала) құрады. Барлығына шұғыл медициналық көмек көрсетілді, көрсеткіштер бойынша кенеге қарсы иммуноглобулин енгізілді. Ағымдағы жылдың басынан бастап ересектер арасында кене энцефалитінің 1 жағдайы тіркелді", - делінген хабарда.

Ведомство өкілдері кене шағып алған жағдайда мүмкіндігінше ертерек, кене шаққааннан кейін 4 күннен кешіктірмей медициналық мекемелердің көмегіне жүгіну керектігін ескертті.

Кене шаққан жағдай төмендегі медициналық ұйымдарға жүгінуге болады:

  • Орталық қалалық клиникалық ауруханасы (Жандосов көшесі, 6);
  • Шұғыл жедел көмек көрсету ауруханасы (Казыбек би көшесі, 96);
  • №4 қалалық клиникалық аурухана (Папанин көшесі, 220);
  • №7 қалалық клиникалық аурухана (Қалқаман ықшам ауданы, Райымбек даңғылы, 20);
  • балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы (Манас көшесі, 40).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2121999-almatyda-kene-shaqqan-adamdar-sany-kobeigen-zhauapty-vedomstvo-statistikalyq-malimet-zhariialady/