Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бурабайда демалып жатқан 14 бала астан уланып, ауруханаға жатқызылды

Жарияланған күні:

Аурухана
Ауруханадағы бала. Көрнекі фото: Getty Images / Alexandra Pavlova

Бурабай ауданына демалуға келген 14 бала тамақтан улану белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлады.

"Авиценна — Бурабай" ЖШС директоры Евгений Бекаевтың мәліметінше, 22 маусымда сағат 01.00-ден таңғы 06.15-ке дейін 8-17 жас аралығындағы 14 бала аурухананың қабылдау бөлмесіне жүгінген.

Балаларға дереу медициналық көмек көрсетілді.

"Балаларға жүргізілген сауалнама барысында олардың барлығы 20 маусымда келгені және 22 маусымда кететіні анықталды. Сапардың мақсаты — жеке демалыс. 21 маусымда таңғы ас ішкеннен кейін (барлық балалар әртүрлі тамақ жеген: қуырылған ет пен картоп, борщ, сырник және т. б.) улану белгілері пайда болған, бірақ балалар кешке қарай ғана медициналық көмекке жүгіне бастаған. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін екі-үш баладан біртіндеп ауруханаға түсе бастады", - деді Евгений Бекаев.

12 баланың асқазанын жуып, үш балаға инфузиялық терапия жасалды. 14 баладан сынама алынды. Сондай-ақ, құсуға қарсы инъекция мен антиспазмодик берілді.

"Балалардың көбі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін бірден кетсе, қалғаны дәрігерлердің бақылауынан кейін ауруханадан шықты", - деп толықтырды бас дәрігер.

Дәрігерлер улану дерегі бойынша шұғыл хабарламаны Бурабай ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2122179-burabaida-demalyp-zhatqan-14-bala-astan-ulanyp-auruhanaga-zhatqyzyldy/