Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақалтын" ЖШС Степногорск ауруханасына медициналық жабдық сыйлады

Жарияланған күні:

Медициналық жабдықтар
Фото: "Алтыналмас АК" АҚ PR-қызметі

Жаңа жабдық көпсалалы қалалық ауруханаға тегін берілді. Аурухананың бас дәрігерінің айтуынша, зертханалық зерттеулер жүргізу үшін медициналық жабдық қажет болған. Бұрын мұндай талдаулар қорытындыларды алу үшін облысқа жеткізіліп келсе, енді мұндай мүмкіндік Степногорск қаласының өзінде пайда болып отыр.

Жинақта 18 құрал-жабдық бар, олардың ішінде қауіпсіздік боксы, зертханалық және фармацевтикалық мұздатқыштар, нақты уақыттағы ПТР-амплификатор, ДНҚ және РНҚ экстракция жүйесі, сәулелендіргіш-рециркуляторлар және зерттеу жүргізуге қажет басқа да жабдық бар. Жабдық құны – 35,5 млн теңге.

Медициналық жабдықтар
Фото: "Алтыналмас АК" АҚ PR-қызметі

Биыл Степногорск көпсалалы қалалық ауруханасына 40 жыл толады. Сондай-ақ "Алтыналмас АК" АҚ-ның жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауы да сый болды. 1984 жылдан бастап ол күрделі жөндеуден өтпеген еді. ЖСҚ қабылдау бөлімшесін, акушерлік-гинекологиялық, педиатриялық, терапиялық, кардиологиялық, физиотерапиялық, рентгенологиялық, травматологиялық және хирургиялық бөлімшелерді жөндеуге байланысты жасалады.

"Алтыналмас" орнықты даму қағидаттарын ұстана отырып, әлеуметтік маңызы бар жобаларды қолдау саласындағы саясатты іске асырады, өйткені бұл әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етеді және Степногорск өңірінің тұрғындарына қолайлы жағдайлар жасайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2126826-qazaqaltyn-zhshs-stepnogorsk-auruhanasyna-meditsinalyq-zhabdyq-syilady/