Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтарға енді 40-қа жуық дәрі тегін берілмейтін болды

Жарияланған күні:

Таблетки
Лекарства. Иллюстративное фото: Evgeniia Siiankovskaia / Getty Images

Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың жекелеген санаттарын тегін немесе жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрі-дәрмектер тізбесіне түзетулер енгізеді. Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін құжат "Ашық НҚА" порталында бүгін, 3 шілдеде жарияланды.

Құжатқа сәйкес, амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізбесі оңтайландырылған.

Жоғарыда аталған тізімнен бірқатар ауруларды емдеуге арналған 38 дәрілік зат алынып тасталды, оның ішінде:

  • асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы;
  • ауруханадан тыс пневмония;
  • гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы;
  • бас сүйек нервілерінің зақымдануы;
  • жедел/созылмалы синусит;
  • сүт безінің оң дисплазиясы;
  • эндометриоз;
  • генитурарлы жүйенің созылмалы инфекциялары;
  • гастрит және дуоденит;
  • холецистит;
  • бастың ұстамалы ауруы және т.б.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2128332-qazaqstandyqtarga-endi-40-qa-zhuyq-dari-tegin-berilmeitin-boldy/