Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәрігерлер Арыста кәріз газынан уланған төрт адамның қазіргі жағдайы қандай екенін айтты

Жарияланған күні:

Медициналық аппарат
Аурухана. Көрнекі фото: pixabay.com

5 шілдеде Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында бірнеше адам кәріз газынан уланып қалған болатын. Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері қазір зардап шеккендердің жағдайы қандай екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ведомство мәліметінше, 5 шілдеде Арыс аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне төрт науқас түскен.

  • 1965 жылы туған науқас жансақтау бөліміне жатқызылды.
  • 1983 жылы туған науқас күкірт сутегімен уланудың орта дәрежесімен терапия бөліміне жатқызылды.
  • 1998 жылы туған науқасқа уланудың жеңіл дәрежесі диагнозы қойылып, алғашқы көмек көрсетілген соң амбулаториялық бақылауға жіберілді.
  • 1993 жылы туған науқасқа уланудың жеңіл дәрежесі диагнозы қойылған. Оған алғашқы көмек көрсетіліп, амбулаториялық бақылауға жіберілді.

"Қазіргі уақытта екі науқас терапия бөлімшесіне ауыстырылып, ем-шараларын қабылдап жатыр. Олардың жағдайы қанағаттанарлық", - делінген хабарда.

Еске сала кетсек, қайғылы жағдай 5 шілдеде болды. Салдарынан үш адам қаза тапты. Жұмыс барысында абайсызда құдыққа құлап кеткен Шымкент аудандық пайдалану бөлімінің жұмысшысын құтқару кезінде болған.

Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабы 4-бөлігімен (еңбекті қорғау ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2131983-darigerler-arysta-kariz-gazynan-ulangan-tort-adamnyng-qazirgi-zhagdaiy-qandai-ekenin-aitty/