Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында кене шаққан ер адам қайтыс болды

Жарияланған күні:

Аурухана дәлізіндегі науқас кереуеті
Аурухана іші. Көрнекі фото: pexels.com

Түркістан облысында конго-қырым геморрагиялық қызбасының вирусын жұқтырған 61 жастағы тұрғыны қайтыс болды. Ауру тағы бірнеше адамнан анықталды, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Шымкент денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, үш қала тұрғыны конго-қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырған. Екеуі жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп, көп ұзамай үйлеріне шығарылды.

Ақ халаттылардың ақпаратынша, Сайрам ауданында тұратын 61 жастағы науқас қайтыс болды. Ол ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен. Дәрігерлердің қанша тырысқанына қарамастан, ер адам үш күннен кейін есін жимай көз жұмған.

Сондай-ақ қазір тағы бір адамның конго-қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырған-жұқтырмағаны тексеріліп жатыр.

Басылым хабарлауынша, аурудың негізгі тасымалдаушылары – кенелер. Олар жылы қанды жануарлар мен адамдарға күн жылынған кезде шабуыл жасайды. КҚГҚ жағдайлары көктем мен күзде жиі тіркеледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2134458-turkistan-oblysynda-kene-shaqqan-er-adam-qaitys-boldy/