Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда сальмонеллез жұқтырғандар саны артты: санитариялық дәрігерлер тұрғындарға үндеу жасады

Жарияланған күні:

Науқас
Науқас. Көрнекі сурет: pixabay.com

Биыл жарты жылда алматылықтар арасында сальмонеллез жұқтырғандар саны артқан. Науқастардың басым көпшілігі сапасыз дайындалған тағамдарды тұтынған, деп хабарлайды Алматы қаласының санитариялық-эпидмиологиялық бақылау департаменті ресми сайтында.

"2024 жылдың 6 айында Алматы қаласында сальмонеллезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда – 1,40 құрады. 2023 жылғы аталған кезеңдегі 0,67 көрсеткішке қарағанда сальмонеллезбен сырқаттанушылық 2 есе өсті. Сальмонеллезбен ауыратындардың жалпы санынан 14 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы 25 пайызды құрайды", - делінген хабарда.

Ведомство жүргізген сауалнамаға сәйкес, науқастардың басым бөлігі үй жағдайында сапасыз өнімдерін тұтынған, дайындау технологиясы мен сақтау шарттарын (құс өнімдері, ет және сүт өнімдері) бұзылған, жеке бас гигиенасын сақтамаған. Бірен-саран жағдайда қоғамдық тамақтану орындарында тамақ ішумен байланыстырады.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары келесі алдын алу шараларын сақтау ұсынады:

  • дәретханаға барғаннан кейін, тамақ ішер алдында және тамақ дайындау алдында қолды сабынмен үнемі және мұқият жуу, бұл қолмен жанасу арқылы инфекцияның берілу қаупін азайтуға көмектеседі;
  • бактериялардың көбеюіне жол бермеу үшін тағамды тоңазытқышта төмен температурада сақтау, сақтау кезінде дайындалған және шикі тағамдардың көршілестігін қадағалау, пісірілген және шикі тағам үшін жеке тақтайлар мен пышақтарды пайдалану;
  • тез бұзылатын өнімдердің жарамдылық мерзімін қадағалау;
  • шикі сүтті және шикі сүттен жасалған сүт-өнімдерді тұтынудан аулақ болыңыз, тек пастерленген немесе қайнатылған сүтті ішу;
  • құрамында кремді кондитерлік өнімдер мен торттарды тек балғын күйінде тұтыну, оларды тоңазытқышта өндірілген сәттен бастап 24 сағаттан артық сақтауға болмайды;
  • рұқсат етілмеген сауда орындарынан ет, ет өнімдерін, құс етін, жұмыртқаны, сүт пен сүт өнімдерін сатып алмаңыз;
  • тағамды дұрыс пісіру, оны мұқият термиялық өңдеуден өткізу, шала пісірілген тағамды, шикі жұмыртқаны жеуге болмайды;
  • көкөністерді, қарбыздар мен қауындарды, сондай-ақ тауық жұмыртқаларын ағынды судың астында мұқият жуу;
  • жүзу кезінде тек ресми рұқсат етілген жерлерде шомылу, суды жұтпауға тырысу қажет;
  • үстел мен ас үй ыдыстарын, тұрмыстық заттарды, балалар ойыншықтарын таза ұстау.

"Балалар арасында аурудың алдын алуға ерекше назар аудару қажет, бұл ретте аналар, әсіресе, өмірінің бірінші жылында балаларды күту және тамақтандыру бойынша дәрігерлердің ұсынымдарын мүлтіксіз орындауы қажет.

Сальмонеллездің белгілері немесе симптомдары байқалғанда дереу медициналық көмекке жүгіну керек және өзін-өзі емдеуге болмайды", - дейді алматылық эпидемиологтар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2136399-almatyda-salmonellez-zhuqtyrgandar-sany-artty-sanitariialyq-darigerler-turgyndarga-undeu-zhasady/