Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытындағы төтенше жағдай: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын өте ауыр деп бағалады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Жансақтау бөлімі
Жансақтау бөлімі. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында болған төтенше жағдай кезінде зардап шеккен алты адам жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"2024 жылғы 20 шілдеде профессор Ж.Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға өндірістік кәсіпорынның 8 жұмысшысы жұмыс орнында алған күйік жарақатымен жеткізілді.

Зардап шеккендердің алтауы жансақтау бөліміне, екеуі комбустиология бөліміне жатқызылды. Зардап шеккен бес адамның жағдайы өте ауыр, екеуі ауыр, бір науқастың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

Зардап шеккендерді арнайы мамандар тексерді. Қосымша тексерулер жүргізілді. Науқастар барлық қажет ем-домды толық көлемде алып жатыр", - делінген Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Бұған дейін Қарағанды ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай болып, кәсіпорынның 8 жұмысшысы әртүрлі дәрежеде жарақат алғанын хабарлаған едік.

Зауыт өкілдері зардап шеккен жұмыскерлердің барлығы ауруханаға жеткізілгенін, оларға шұғыл медициналық көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.

Полиция өкілдері осы жайт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2137230-qaragandy-ferroqorytpa-zauytyndagy-totenshe-zhagdai-darigerler-zardap-shekkenderding-zhagdaiyn-ote-auyr-dep-bagalady/