Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Санта-Барбараға айналдырдыңдар": қазақстандық тұрғын дәрігерлерге жазылудың машақатын айтып шағымданды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Медицина қызметкері
Медицина қызметкері. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін үкіметте өткен баспасөз мәслихатында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға тұрғындардың бірі салылық дәрігерлерге жазылу қиындап кеткенін айтып шағымданды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Журналист салалық дәрігерге жолдаманы учаскелік терапевт беретін Денсаулық сақтау министрлігінің қазіргі ережесін "абсурд" деп атады. Салалық дәрігерге қайта қаралу үшін қабылдауға отбасылық дәрігер арқылы жазылуға тура келеді.

"Нәтижесінде арнайы маманға толық қаралу Санта-Барбараға айналып кетеді. Осындай ережені бекіткенде, неге сүйендіңіздер. Салалық дәрігер анализ тапсыруға, диагностика жасатуға жолдаманы өзі бере алатындай етіп ереже қашан алып тасталады?" - деп сұрады ол.

Бұған жауап ретінде министр Ақмарал Әлназарова мұндай мәселе бар екенін айтты.

"Біз бұл мәселені түсінеміз және биыл алғашқы шешімдерінің бірі ретінде – алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде медициналық көмекті ұйымдастырудың жалпы тәртібі қайта қаралды. Қазір кезекті барынша азайтатын және жалпы тәжірибелік дәрігерге де, салалық дәрігерлерге де қаралу қолжетімді болатын маңызды нормативтік акт дайындалып жатыр", - деді ол.

Әлназарованың айтуынша, бүгінде жалпы тәжірибелік дәрігердің жолдамасынсыз салалық мамандар қабылдауына жазылуға болатын тоғыз себеп бар.

"Жылдың соңына дейін біз алғашқы медициналық көмек қызметтерін тұрғындар үшін барынша қолжетімді етеміз... Біз алдыңғы қатарлы функционал мейірбикелер қызметін іске қосамыз. Олар диспансерлік және маманның кеңесіне мұқтаж пациенттерді дәрігер қабылдауы бойынша жоспар құрады.

Біз жалпы тәжірибелік дәрігерге жібермей-ақ, медбике оны тікелей маманға жіберу үшін сынамалар, тиісті медициналық қызметтерге бағыттайды. Яғни, бұл жұмыс атқарылып жатыр, бірақ уақыт қажет", - деді Әлназарова.

Министрдің сөзінше, жұмыстар осы жылдың соңына дейін аяқталуға тиіс.

Айта кетейік, денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова "ведомство басқарғанына өкіне ме?" деген сұраққа жауап берген болатын.

Сонымен қатар министр Ақмарал Әлназарова Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі анализдерінде жемқорлық тәуекелдері көп деп танылған "СҚ-Фармацияны" жабуға қатысты пікір білдірген еді.

Министр Ақмарал Әлназарова бүгін министрлер кабинетінде өткен брифингте елімізде медицина кадрларын даярлау сапасы қалай жақсартылатынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2138742-santa-barbaraga-ainaldyrdyngdar-qazaqstandyq-turgyn-darigerlerge-zhazyludyng-mashaqatyn-aityp-shagymdandy/