Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте зейнеткерді ұйықтап жатқан кезде қарақұрт шағып алған

Жарияланған күні:

Қарақұрт
Қарақұрт. Көрнекі фото: AndreiKa/Getty Images

Қарақұрт шымкенттіктердің мазасын алып жатыр, тіпті бір науқас қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, бұл жәндік 20 адамды шағып алған, бұл өткен жылдың барлық кезеңімен салыстырғанда көп, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Otyrar телеарнасына сілтеме жасап.

Қарақұрттан зардап шеккен тұрғындардың бірі – Орынкүл Әбішева. Оны улы жәндік түнде ұйықтап жатқан жерінде шағып алған. Зейнеткер қолындағы қатты ауырсынудан оянып, алғашында не болғанын түсінбеген. Әйелді ауруханаға жеткізіп, сол жерде оны қарақұрт шаққаны анықталды.

"Мен қатты ауырсынудан ояндым, бірден аллергиям басталып кетіп, мені осында әкелді. Мұнда жүргеніме 10 күн болды. Қазір дәрігерлердің арқасында өзімді жақсы сезінемін", – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Орынкүл Әбішева.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, биыл Шымкенттегі гипербарикалық оксигенация орталығына қарақұрт шаққан 20 адам түсті. Олардың 14і-і – ер адам, 4-і – әйел адам және 2 бала.

Өткен жылмен салыстырғанда улы өрмекшілер ол кезде 17 адамды шағып алған. Биыл қарақұрт шаққан адамдар одан да көп болуы мүмкін. Дәрігерлер қарақұрт құрбандарының көбеюін Шымкент пен Түркістан облысындағы қарқынды құрылыспен байланыстырады.

"Құрылыста жұмыс істейтін адамдар қатты жерге жатады, босаған қорап, көрпе төсеп, сонда ұйықтайды. Бұл дұрыс емес, жерге жатпай, темір төсек немесе тапшанға ұйықтау керек", - дейді Шымкент қаласындағы гипербарикалық оксигенация орталығының бас дәрігері Мәдина Ермаханбетова.

Дәрігерлер қарақұрт шаққан соң бірінші сағатта-ақ науқасты қарау маңызды дейді. Зардап шеккен адамға уды тоқтататын вакцина беріледі. Әйтпесе емдеу біраз уақытты алады. Қазір қарақұрт құрбандарының бірі ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.

Мамандар улы өрмекшіден қорғану үшін далада жабық аяқ киім киюге, көшеде ұйықтамауға, әсіресе дала мен құрылыс алаңдарына жақын жерде түнемеуге, түнде табиғат аясында демалғанда өрмекші кіріп кетпес үшін шатырды жабуға кеңес береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2139501-shymkentte-uiyqtap-zhatqan-kezde-qaraqurt-shaqqan-aiel-zhansaqtau-bolimine-tusti/