Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балқаштағы жаппай улану: зардап шеккендердің саны артты

Жарияланған күні:

Аурухана дәлізі
Аурухана іші. Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағанды облысы Балқаштағы демалыс орнында уланғандардың саны артты. Қазір 18 адам ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Ekaraganda.kz.

Басылым мәліметіне сүйенсек, Балқаш пен Қарағандының санэпидемиологтары демалыс орындарының бірінде болған жаппай улануға қатысты тергеу бастаған.

Қазіргі уақытта стационарда 18 адам ем қабылдап жатыр, ал жалпы көмекке 29 адам жүгінген.

"Балқаш қаласының "Досжан" отбасылық пансионатының демалушылары арасында жіті ішек инфекциясының анықталуына қатысты хабарлаймыз: 16 тамызда жіті ішек инфекциясына күдікті 29 адам медициналық көмекке жүгінді, оның ішінде 18 науқас стационарлық емделуде", - деп хабарлады Қарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдері.

Айта кетейік, ведомство оқиға орнына барып, науқастар арасында сауалнама жүргізген. Сондай-ақ, Қарағанды облыстық санэпидбақылау департаменті қызметкерлерінен бригада құрылып, Балқашқа аттанған.

Лабораториялық зерттеулерге қатысты тергеу басталды. Одан бөлек, басылым мәліметінше, іс процессуалдық шешім қабылдануы үшін Балқаш полиция бөліміне жіберілген.

Айта кетсек, бұған дейін Балқаштағы көпсалалы аурухананың инфекциялық бөліміне уланған 14 адам түскені хабарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2149870-balqashtagy-zhappai-ulanu-zardap-shekkenderding-sany-artty/