Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда маска режимі қайта енгізіле ме: денсаулық сақтау вице-министрі жауап берді

Жарияланған күні:

Бетперде таққан тұрғын көгіршіндерге тамақ беруде
Бетперде таққан тұрғын. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Қазақстандағы коронавирус жұқтыру жағдайы және эпидемиологиялық шараларға қарсы шешім қабылдау мүмкіндігі туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Жалпы Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Өткен айлармен салыстырғанда ауыру деңгейі артқан. Бірақ коронавирустың ешқайда жоғалмағанын және Қазақстанда да, әлемде де әлі өзекті екенін ескерсек, өткен жылмен салыстырғанда ауыру жағдайы 8 есе төмендеді.

Биыл коронавирус инфекциясының ауыр жағдайлары тіркелмеді, қайтыс болғандар мүлде жоқ", - деді денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев ОКҚ-да өткен брифингте.

Сондай-ақ спикер елімізде жаппай маска тағу режимі қайта енгізілмейтінін айтты. Бас санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес, маска тағу режимі тек медмекемелердегі медициналық қызметкерлерге ғана арналған.

Ал медициналық мекемелерге келушілер мен науқастарға тек маска тағуға кеңес беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2149921-qazaqstanda-maska-rezhimi-qaita-engizile-me-densaulyq-saqtau-vitse-ministri-zhauap-berdi/