Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұмауға ұқсайды: маймыл шешегі ауруының белігілері туралы не білеміз

Жарияланған күні:

Маймыл шешегінің белгілері. Көрнекі фото
Маймыл шешегінің белгілері. Көрнекі фото: azertag.az

Бірқатар елде маймыл шешегі жұқпалы ауруы таралып жатыр. Вирустың таралу жолдары мен сақтық шаралары жайлы толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, маймыл шешегінің белгілері әртүрлі болуы мүмкін. Кейбір адамдарда аурудың жеңіл белгілері анықталса, ал кейбірінде медициналық мекемеде күтімді қажет ететін ауыр түрі дамуы тіркелуі мүмкін.

Ауыр белгілер жүкті әйелдерде, сондай-ақ балалар мен иммунитеті төмен адамдарда, соның ішінде АИТВ-инфекциясынан емделмейтін адамдарда көрініс табуы мүмкін.

Маймыл шешегіне тән белгіге 2-4 апта бойы сақталуы мүмкін бөртпе жатады.

"Ауру пайда болғаннан кейін қызу көтеріліп, бас ауруы, бұлшықет ауруы, арқа ауруы, жалпы әлсіздік және лимфа түйіндері ісінуі мүмкін. Бөртпелер бет терісіне, алақанға, табанға, көзге, ауыз қуысына, көмейге, шат аймағына, сондай-ақ жыныс аймағына таралуы мүмкін ойық жара түрінде болады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар вирус ауыз қуысына, тамаққа, қынапқа немесе көз аймағына әсер етуі мүмкін.

Кейбір адамдарда тік ішектің қабынуы (проктит) пайда болады, ол қатты ауырсынуды, сондай-ақ жыныс мүшелерінің қабынуын тудыруы мүмкін, оның салдарынан зәр шығару қиынға соғуы мүмкін.

"Көп жағдайда маймыл шешегінің белгілері өздігінен кетеді немесе тек қана демеуші күтімді қажет етеді. Мысалы, дәрі-дәрмектің көмегімен ауырсыну немесе қызуды басуға болады. Дегенмен кей жағдайда инфекция асқынуларға немесе өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.

Нәрестелерде, егде жастағы адамдарда, жүкті әйелдерде және иммунитеті төмен адамдарда маймылы шешегі ауруы ауыр өтіп, өлім қаупі жоғары болуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Маймыл шешегінің ауыр түрімен ауырған адамдарды ауруханаға жатқызып, демеуші күтім және вирусқа қарсы препараттар қажет болуы мүмкін.

Маймыл шешегі қалай таралады

Маймыл шешегi адамнан адамға маймыл шешегi вирусын жұқтырған адамдармен жақын қарым-қатынас жасау арқылы жұғады. Оған тірінің, ауыз қуыстарының өзара жанасуы мен ауыз қуысының теріге жанасуы жатады.

Маймыл шешегі бөртпенің барлығы қабықшақпен жабылғанға дейін, пайда болған қотырлар түсіп, олардың астында терінің жаңа қабаты пайда болғанға дейін, соның ішінде көздің барлық зақымданулары жазылғанға дейін жұқпалы болып қалады деп саналады.

Сонымен қатар маймыл шешегінің вирусы киімге, төсек-орынға, сүлгіге, жиһазға, электроникаға және маймыл шешегімен ауыратын адамның қолы тиген жерлерде біраз уақыт тіршілік ете алады.

Сау адам қолында кесілген, жарақаттанған жерлер болса, осындай заттарға қол тигізу арқылы ауру жұқтыруы мүмкін. Сондай-ақ қолымен көз, мұрын, ауыз қуысын ұстаса, маймыл шешегін жұқтырып алуы ықтимал.

Адамдар маймыл шешегін жұқтырған жануарлармен физикалық байланыста болса, жұғып кету қаупі жоғары. Мысалы, вирус маймылдардың кейбір түрлерінен немесе құрлықта тіршілік ететін кеміргіштерден жұғуы мүмкін.

Жануарлардан маймыл шешегін жұқтыру қаупін азайту үшін қорғаныс құралдарын қолданбай жабайы жануарлармен байланысудан аулақ болу керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2154298-tumauga-uqsaidy-maimyl-sheshegi-auruynyng-beligileri-turaly-ne-bilemiz/