Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қандай ұн пайдалы: ағзаға зиянсыз 5 түрлі ұн сұрпы

Жарияланған күні:

Ұн сұрыптары
Қалталарға салынған ұн сұрыптары. Көрнекі сурет: Freepik

Бидай ұны әлем асханаларының танымал тағамдарына қосылады. Дегенмен адам ағзасына пайдалы ұн түрлері бар екенін де біле жүрген абзал. KAZ.NUR.KZ бидай ұнының орнына қандай ұн түрін қолдануға болатынын сарапшылар мен арнайы басылымдардағы жазбалар негізінде зерттеп көрді.

Бадам ұны

Бадам ұны бадамды ұсақтау арқылы алынады. Оның құрамында глютен жоқ. 100 г бадам ұнының тағамдық құндылығы 607 ккал болады. Оның құрамында мына заттар бар:

  • ақуыздар - 21,43 г;
  • майлар - 53,57 г;
  • көмірсулар - 21,43 г

Диетолог және дұрыс тамақтану жөніндегі кеңесші Яцек Шимановский NUR.KZ тілшісіне бадам ұнының денсаулыққа пайдалы заттарға бай екенін былай баяндады:

Бадам ұны ең пайдалы ұн түрі болып саналады, себебі ол қанықпаған омега-3 май қышқылдарының, магнийдің, өсімдік ақуызының және Е дәруменінің көзі болып есептеледі. Бұл қоректік заттар қан қысымын төмендетеді, инсулинге төзімділікті жақсартады және мидың саулығын сақтайды.
Бадам ұны
Бадам ұны және асжапырақ. Көрнекі сурет: Pexels

Бадам ұны қышқыл боп келеді әрі жаңғақтың дәмі бар және қолдануға оңай. Кей рецептер бойынша бидай ұнын тең пропорцияда бадам ұнымен ауыстыруға болады. Ол әр түрлі тағамды пісіруге жарамды. Соның ішінде нан, паста, фрикаделька пісіруге болады.

Қарақұмық ұны

Healthline медициналық басылымының мәліметінше, қарақұмық ұны қант диабетімен ауыратын адамдардың қандағы глюкоза деңгейін төмендетуге көмектеседі және жүрек саулығының биомаркерлерін жақсартады. Сонымен қатар ол ісікке, қабынуға қарсы және пребиотикалық қасиеттерге ие. 100 г қарақұмық ұнында 333 ккал бар, сонымен қатар мына пайдалы заттарды қамтиды:

  • ақуыздар - 6,67 г;
  • майлар - 3,33 г;
  • көмірсулар - 73,33 г.

Қарақұмық ұны микроэлементке бай. 60 г қарақұмық ұнында мыстың тәуліктік қажеттілігінің 73 пайызы, магний мен марганецтің 33-34 пайызы, фосфор мен темірдің 17 пайызы, сондай-ақ ішектің дұрыс жұмыс істеуіне қажет 6 г талшық бар. Сондықтан Aegle Nutrition компаниясының диетологы Дэн Галлахер тамақтану рационына осындай ұннан жасалған тағамдарды қосуды ұсынады:

Менің сүйікті тағамдарымның бірі - қарақұмық ұны. Оның құрамында глютен жоқ және бидай ұнының орнына қосуға болады. Дегенмен бұл ұн ақуыздың көзі емес. Қарақұмық ұнында аздап топырақтың дәмі бар, бірақ қышқыл тағамдарға ерекше дәм береді.

Егер сіз қарақұмықты басқа ұн түрлерімен араластырсаңыз, ағза үшін өте пайдалы болмақ.

Сұлы ұны

Төмен гликемиялық индекске байланысты сұлы ұны қант диабеті үшін рұқсат етіледі. Мұндай ұнның 100 грамы 389 ккал болады, онда мынадай қоректік заттар бар:

  • ақуыздар - 13,2 г;
  • майлар - 6,31 г;
  • көмірсулар - 69,9 г.

Нан пісіру үшін ең пайдалы ұн қандай? Егер сіз сұлы ұнынан нан пісірсеңіз әлдеқайда пайдалы болады деп кеңес береді Pacific Sound Plastic Surgery клиникасының пластикалық хирургы, медицина ғылымдарының докторы Кристофер Дэй:

Ағзаға пайдалы тағамдарды таңдайтындар үшін сұлы ұны немесе борай бидайдан алынған ұн жақсы балама болып саналады. Бидаймен салыстырғанда сұлы құрамында глютен аз, бұл ішектің қызметін жақсартады және ісіну қаупін азайтады. Бұл пациенттердің операциядан кейінгі қалпына келтіру кезеңінде өте маңызды.
Иленген қамыр
Қамыр илеу сәті. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сұлы ұны жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысына қажет темір, магний мен калийге және сүйек тініне маңызды кальцийге бай. Онда көптеген күрделі көмірсу бар, сондықтан ондай тағамдар ағзаны ұзақ уақыт қажетті заттармен қанықтырады.

Сұлы ұнын үйде дайындауға болады. Бұл ұн түрін кофе ұнтақтағышта немесе блендерде ұзақ ұнтақтаңыз: бұл ұн пайдалы, өйткені құрамында талшық көп.

Кокос ұны

Кокостан да глютенсіз ұн алуға болады. Кокос ұнтағы антиоксидантқа бай және микробқа қарсы қасиеттерге ие. 100 г өнімнің тағамдық құндылығы 333 килокалорияны құрайды, оның құрамында мынадай қоректік заттар бар:

  • ақуыздар - 13,33 г;
  • майлар - 20 г;
  • көмірсулар - 53,33 г.

Кокос ұны қабынуға қарсы әсері бар және зат алмасу процесін жақсартатын талшықтарға, калийге, темірге, магнийге, Е витаминіне және қаныққан майларға бай. The Wannabe Cook аспаздық платформасының директоры Сунита Юсуф NUR.KZ тілшісіне берген пікірінде бұл ұн түрін ерекше деп атады:

Кокос ұнының тағамдық профилі ерекше, өйткені оның құрамында ақуыз, талшық және пайдалы майлардың пайызы жоғары. Онда глютен жоқ, асқазанында қандай да бір мәселесі бар адамдарға бұл ұн түрі ұнайды. Кокос ұны магний мен Е дәруменіне бай.

Кокос ұнының сәл тәтті дәмі бар, сондықтан ол десерттер мен нан түрлері үшін жақсы, бірақ ол сұйықтықты көп сіңіреді, сондықтан дайын өнім тез кеуіп кетеді. Тағамның шырындылығы мен құрылымын көбірек жұмыртқа немесе сары май қосу арққылы жақсартуға болады.

Зығыр ұны

Қандай ұнның калориясы ең төмен? Бұл - зығыр ұны. Оны жасаған кезде майы зығыр тұқымдарынан сығып алынады, содан кейін қалдықтары ұнтақталады. Осы технологияның арқасында зығыр ұнының калория мөлшері 288 ккал болады. Оның құрамында мынадай қоректік заттар бар:

  • ақуыздар - 31,7 г;
  • майлар - 12,6 г;
  • көмірсулар - 12,9 г.

Зығыр ұнының құрамында A, E, B₁, B₂, B₆ витаминдері, фолий қышқылы, калий, магний, мырыш, мысқа, хром, натрий, селен, антиоксиданттар және май қышқылдары бар. Бұл ұн асқазанның қышқылдығын қалыпқа келтіреді және тері, қан тамырлары, бүйрек, қуыққа байланысты ауруларға пайдалы. Бұл ұнның ерекшелігі - фитоэстрогендер.

PubMed медициналық басылымының мәліметі бойынша, 80,73 мг зығыр фитоэстрогенін 90 күн бойы тұтыну менопаузадағы әйелдерге айтарлықтай көмегін тигізген. Сондай-ақ зерттеуге қатысушылар парестезия мен меланхолия симптомдарының әжептәуір төмендегенін, жыныстық шағымдардың азайғанын айтып, ұйқысыздықты азайтты.

Қалақтағы ұн
Қлақшаға салынған ұн. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ұнның көптеген түрі бидайға балама бола алады. Ұнның пайдалы түрлері тағамға татымды дәм қосып қана қоймайды, сонымен қатар бидай ұнында кездесе бермейтін дәрумендер мен микроэлементтермен байыта алады.

Назар аударыңыз! Материал ақпараттық мақсатта жазылған. Мұнда сипатталған емдеу әдістеріне алдымен дәрігермен кеңескен соң жүгіну керек.

Дереккөз:

  1. M. Frigo, E. de Barros, P. C. B. Dos Santos. Effects of a Cereal Bar with a Combination of Phytoestrogens on the Climacteric Symptoms: A Placebo-Controlled, Randomized Trial // PubMed. — 2022. — March–April. — 41(3). — 325–332. — Кіру үшін: https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/33734035/
  2. Lauren Panoff. 5 of the Healthiest Flours for Every Purpose // Healthline. — 2023. — April 18. — Кіру үшін: https://www.healthline.com/nutrition/healthiest-flour

Рецензент — жоғары санатты дәрігер Михайленко Людмила Анатольевна.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2154333-qandai-un-paidaly-agzaga-ziiansyz-5-turli-un-surpy/