Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ЖРВИ-ге байланысты емханалар 1 қыркүйектен бастап күшейтілген жұмыс режиміне көшеді

Жарияланған күні:

Дәрігер1
Көрнекі фото: pixabay.com

Күн суыта келе жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың пайда болу қаупі артады. Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері тұрғындарды маусымдық эпидемиядан қорғау мақсатында қандай шаралар қабылданғанын айтты. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

ӨКҚ брифингінде Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Бақжанар Мұхамадиева ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу үшін мына шаралар енгізілгенін хабарлады:

  • 1 қыркүйектен бастап емханалардың барлық егу кабинеттері мен сүзгілері демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылады;
  • қала бойынша фельдшерлік бригадалардың жұмысы үшін емханалар жанындағы жедел медициналық жәрдем бөлімшесі деңгейінде шұғыл 4 санаттағы шақыруларға қызмет көрсету үшін 102 жедел медициналық автокөлік бөлінді, бұл пациенттердің үйлеріне барып, жылдам қызмет көрсетуге мүмкіндік береді;
  • ЖРВИ және тұмаумен ауыратын науқастарды ауруханаға жатқызу үшін қала стационарларында 453 орын дайындалды және қосымша науқастар саны артқан жағдайда тағы 90 төсек орналастыру мүмкіндігі қарастырылған, бұл стационарлық күтімге мұқтаж пациенттерді уақтылы ауруханаға жатқызуды және емдеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
  • дайындықтың маңызды бөлігі қарқынды терапия көрсетуге дайындық болды: Алматының медициналық мекемелерінде өкпені жасанды желдетуге арналған 892 аппарат (ӨЖЖ) бар, бұл тұмау мен ЖРВИ ауыр түрлерімен ауыратын науқастарға көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
  • сондай-ақ, қаланың жедел медициналық жәрдем қызметі халық арасында тұмау, ЖРВИ және КВИ-мен сырқаттанушылық көтерілген жағдайда, ЖРВИ белгілері бар және олардың асқынулары болған жүкті әйелдер және 1 жасқа дейінгі балаларды уақтылы ауруханаға жатқызыза отырып, басым тәртіппен қызмет көрсетуге дайын.
  • жедел медициналық жәрдем қызметінде халықтың өтініші күрт артқан жағдайда, 103-тен шақырту қабылдау желілерін ұлғайта отырып, қосымша диспетчер-үстелдерді ашу және ЖМЖҚ резервтік бригадаларын желіге шығару бойынша жұмыс жүргізілетін болады.
  • бүгінгі таңда халыққа 186 ЖМЖҚ бригадасы қызмет көрсетеді. Қажет болған жағдайда бригадалар саны 200-ге дейін артады.

"Медицина қызметкерлерін оқытуға ерекше назар аударылды: дәрігерлер мен қызмет мамандары үшін қалалық семинар өткізу жоспарлануда. Бұл іс-шара медицина қызметкерлерінің білімін жаңартуға және оларды вирустық инфекциялармен тиімді күресуге дайындауға мүмкіндік береді", - деп толықтырды Бақжанар Мұхамадиева.

Алдын алу шаралары мақсатында Басқарма вакцинация жүргізу үшін жергілікті бюджет қаражатынан тәуекел тобындағы адамдар үшін 200 мың доза мөлшерінде үшвалентті тұмауға қарсы "Гриппол Плюс" вакцинасының партиясы сатып алынды.

Ведомство өкілінің сөзінше, тұмауға қарсы вакцинация науқаны 15 қыркүйектен басталады.

Сонымен қатар қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қала тұрғындарын алдын алудың қарапайым ережелерін сақтауға шақырады:

  • ЖРВИ-мен ауыратын науқастармен байланыста болудан аулақ болуға тырысу, егер ол мүмкін болмаған жағдайда, онда маска тағып жүру;
  • науқастанған адам қоғамдық орындарда, ұжымдық орындарға барғанда; үйде, отбасымен болғанда маска тағып жүруі керек;
  • ауырып қалған жағдайда өзін-өзі емдеумен айналыспай, медициналық көмекке жүгіну керек;
  • түшкіріп, жөтелген кезде ауызды қолмен, майлықпен жабу керек;
  • қолды барынша жиі жуу;
  • иммундық жүйені көтеру, С дәруменін көбірек тұтыну;
  • көпшілік қатысатын іс-шараларға баруды азайту, әсіресе ЖРВИ мен тұмау күшейген кезде;
  • ата-аналарға балалары науқастанған жағдайда, оларды мектеп, мектепке дейінгі мекемелрге жібермеу өтініші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2154373-almatyda-zhrvi-ge-bailanysty-emhanalar-1-qyrkuiekten-bastap-kusheitilgen-zhumys-rezhimine-koshedi/