Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік дәрігерлер салмағы 970 грамм ғана болған нәрестені аман алып қалды

Жарияланған күні:

Жаңа туған нәресте
Жаңа туған нәресте. Көрнекі сурет: pixabay.com

Шымкент қалалық №2 ауруханасының перзентхана бөлімінде 28 тамыз күні 27-апталық бала дүниеге келген. Туған кезінде салмағы небәрі 970 грамм болған сәбидің жағдайы өте ауыр деп тіркелген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Дәрігерлердін айтуынша, сәбиге алғашқы реанимациялық көмек көрсетіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Туа біткендегі ағзаларының толық дамымауына байланысты нәресте хаттама бойынша жансақтау бөлімінде толық ем алып шыққан.

"Өкпені жетілдіруге арналған препараттар, антибиотиктер, ағзаның өсуіне қажетті инфузионды терапия арқылы ем жүргіздік. Өмірінің 38-тәулігінде жағдайының тұрақты болуына байланысты нәрестелер патология бөліміне ауыстырдық", - деді №2 қалалық ауруханасының дәрігер-неонатологі Қаракөз Асқарқызы.

Қазіргі таңда ана мен баланың өміріне төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ дейді дәрігерлер. Ал баланың салмағы 1512 граммға жеткен. Бала өздігінен дем алып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2157729-shymkenttik-darigerler-salmagy-970-gramm-gana-bolgan-naresteni-aman-alyp-qaldy/