Қазақстанда зейнетақы жинағын тіс емдеу мен тұрғын үйге жұмсауға тыйым салына ма
Жарияланған күні:
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова бүгінде зейнетақы жинақтарының ақшасын жұмсауға шектеу енгізу жоспарда жоқ екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Үкіметте өткен брифингте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы Светлана Жақыпова зейнетақы жинақтарынан түскен ақшаны жұмсауға шектеу енгізуді жоспарлап отырған жоқпыз деп мәлімдеді.
"Екінші жартыжылдықтың динамикасы зейнетақы жинақтарының алынуы дәл сондай тұрақты екенін, бірақ 2023 жылғы деңгейден төмендегенін көрсетеді. Сонымен қатар тіс емдеуге тыйым салу немесе тұрмыс жағдайын жақсартуға қатысты реформалар жүргізілмейді", - деді Светлана Жакупова.
Еске салсақ, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізуді талқылауға ұсынған еді.
Құжат жобасын Денсаулық сақтау министрлігі "Ашық НҚА" порталында 28 тамызда жарияланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2159646-qazaqstanda-zeinetaqy-zhinagyn-tis-emdeu-men-turgyn-uige-zhumsauga-tyiym-salyna-ma/