Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл – тек өкпе ауруы ғана емес": Түркістан облысында туберкулезге шалдыққандар саны артқан

Жарияланған күні:

Емхана
Емхана. Көрнекі фото: trend.az

Биыл Түркістан облысында туберкулездің 233 жағдайы тіркелген. Бұл былтырмен салыстырғанда 10 пайызға артық, оның басым бөлігі – өкпе туберкулезі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Телеарнаның ресми сайтында хабарланғандай, жыл басынан бері Шымкентте туберкулездің 233 жағдайы тіркелген. Бұл былтырғы статистикамен салыстырғанда 10 пайызға өскен. Жасы 50-ді еңсерген қала тұрғыны Алмагүл осыдан жарты жылдай бұрын аталған ауруға шалдыққан. Бірақ бірден білмепті. Үй жағдайында ем алған келіншек, әлсіреп кеткенде барып дәрігерлерге жүгінген. Емдеу шарасынан толық өткен ол қазір жағдайының жақсарғанын айтады.

"Үйде ешкім ауырмаған. Басында өзім емделдім, қақырыққа қарсы дәрілер ішіп жүрдім. Әрсіреп кеткеннен соң осы жерге келіп қаралдым. Жақсы қарады. Қазір жағдайым тұрақталды", - дейді қала тұрғыны Алмагүл.

Ел арасында бұл дертке душар болғандарға қатысты түрлі алыпқашпа әңгіме бар. Сондықтан мамандар науқастың психологиялық жағдайы да нашарлайтынын айтады. Кейде дәріден бас тартатындар да кездеседі. Мұндай жағдайда ақ қалаттылар кеңес ашып, талқылаудан кейін ғана ем-дом шарасын бекітетінін жеткізді.

"Туберкулезге күдікті болған науқастың қақырығынан аналыз алып, лабораторияға жолдайды. Онда молекуларлы генетикалық әдіс арқылы 2 сағаттың ішінде анықтап береді. Науқасқа диагноз қою онай емес. Барлығы 10 маман кеңесіп, диагноз қойған соң, науқас емдеуге жіберіледі.

Науқастармен психологиялық кеңес жүреді. Алғаш диагнозын білген кезде адамдарға оңай соқпайды. Мысалы, әйел кісілер жылап, стресске беріледі", - дейді облыстық фтизиопульмонология орталығы басшысының медициналық бөлімі жөніндегі орынбасары Қарлығаш Қапанова.  

Бұл орталықта айына Шымкент пен Түркістандық 200-ден аса тұрғын емделеді. Мамандар сөзінше биыл өткен жылға қарағанда туберкулезбен ауырғандар саны өскен. Сондықтан алдын ала сақтанып, тез арада дәрігерлерге қаралу керек екенін айтады.

Бұл дертке шалдыққан науқас жөтел кезінде қан аралас қақырық тастап, дене қызуы 37,5 градусқа дейін көтеріледі. Сонымен қатар әлсіздік сезініп, тәбет нашарлайды. Сондықтан мамандар мұндай жайдайда көп уақыт жоғалтпай дәрігерлерге жүгінуге кеңес береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2160520-bul-tek-okpe-auruy-gana-emes-turkistan-oblysynda-tuberkulezge-shaldyqqandar-sany-artqan/