Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүрегі екі рет тоқтап қалған: Шымкент дәрігерлері науқастың өмірін аман алып қалды

Жарияланған күні:

Науқас
Шымкент дәрігерлері аман алып қалған науқас. Фото: vera.kz

Шымкент дәрігерлеі есінен танып, жүрегі тоқтап қалған науқасқа шұғыл көмек көрсетіп, өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Vera.kz-ке сілтеме жасап.

18 тамызда таңғы сағат 04:00-де Шымкенттегі №1 қалалық клиникалық ауруханаға 60 жастағы ер адам ауыр халде түскен. Жағдайының ауыр болуына байланысты дәрігерлер науқасты жансақтау бөліміне жатқызып, шұғыл көмек көрсеткен. Науқастың тіпті тамыр соғысы болмаған, ол есінен танып қалған. Алайда жүрек талмасы болмаған.

Медицина қызметкерлері бірден реанимациялық шараларға кірісіп, ультрадыбыстық зерттеу жүргізген. Жүрек ырғағы қалпына келген соң құрсақ қуысынан 1000-1200 мл сұйықтық шығарылды.

Науқасқа хирургтер мен анестезиологтар шұғыл түрде ота жасаған. Операция кезінде құрсақ қуысында 4000 мл-ге дейін қан болған. Операция кезінде жүректі қайта тоқтатып, қан құюды жалғастырған. Операция кезінде бауыр мен асқазан аралық байламының үзілген анықталып, хирургиялық жолмен байланды.

Дәрігерлер отаның сәтті өткенін, екі күннен кейін науқас жансақтау бөлімінен хирургия бөліміне ауыстырылғанын айтты. Бақытына орай, науқас клиникалық өлім мен ауыр операцияға қарамастан тез сауығып кетті.

Бір айға жуық отадан кейін медицина қызметкерлерінің бақылауында болған науқастың жағдайы жақсарып, ауруханадан шығарылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2161869-zhuregi-eki-ret-toqtap-qalgan-shymkent-darigerleri-nauqastyng-omirin-aman-alyp-qaldy/