Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Cалмағы 6,5 кг: Шымкентте алып сәби дүниеге келді (видео)

Жарияланған күні:

Шымкентте алып сәби дүниеге келді
Шымкентте алып сәби дүниеге келді. Скриншот: instagram.com/otyrarkz

Шымкентте салмағы 6 килограмнан асатын алып сәби дүние есігін ашты. Оған Тәуекел деген есім берілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкент тұрғыны Альмира Жандарбекова 3 қазанда №2 қалалық аурухананың перзентхана бөліміне келіп түскен. Дәрігерлер келіншекті бақылауға алып, перзентханада толғағы келгенін күткен.

Ақ халаттылар Альмираны табиғи жолмен босандырып алған. 4 қазанда сағат 13:50-де салмағы 6 кг 500 грамм, бойы 63 см сәби дүниеге келді.

Бұл Альмира Жандарбекованың алтыншы жүктілігі. Алып сәбиге туыстары Тәуекел деген есім берген. Дәрігерлердің айтуынша, қазір ана мен бала өміріне төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ, жағдайлары жақсы.

Еске салайық, биыл сәуірде Шығыс Қазақстан облысында салмағы 6 кг 180 грамм болатын алып нәресте туған еді. Сондай-ақ Түркістан облысында салмағы 5 килограмнан асатын алып балалардың дүниеге келуі жиілегенін жазғанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2171452-calmagy-6-kg-500-gramm-shymkentte-alyp-sabi-duniege-keldi-video/