Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан мектептерінде стоматологиялық кабинеттер ашылуы мүмкін

Жарияланған күні:

Стоматологиялық кабинет
Стоматологиялық кабинет: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері келешекте мектептерде стоматологиялық кабинеттер ашу жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Министрліктің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, ведомство басшысы Ақмарал Әлназарова Оқу-ағарту министрлігінің басшысы Гани Бейсембаевпен бірге елордалық №95 мектеп-лицейіне барып, оқушылардың денсаулығын сақтау жөнінде бірқатар мәселені талқылаған.

Ведомство басшылары мектеп асханасын аралап, санитариялық-гигиеналық нормаларды сақтау мәніне тамақ дайындау шарттарымен танысып, қызметкерлермен және оқушылардың ата-аналарымен әңгімелескені мәлім болды.

"Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігі мектептегі тамақтану стандарттарын қайта қарап жатыр, балалар организмінің физикалық және психикалық дамуы үшін пайдалы болатын бірыңғай мәзір әзірленеді. Биыл елімізде 3,9 млн-ға жуық мектеп жасындағы балалар бар, оның ішінде 1,7 млн бастауыш сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етілген.

Кездесу барысында айтылған екінші маңызды тақырып – мыңнан астам оқушысы бар мектептерде стоматологиялық кабинеттер ашу. Бүгінгі таңда 6 өңірде 98 кабинет жұмыс істейді, онда қабылдауды дантисттер жүргізеді. Бірақ одан әрі "Сау тіспен болашаққа" жобасы шеңберінде мектеп жасындағы барлық баланы стоматологиялық аурулардың профилактикасымен кезең-кезеңімен қамтамасыз ету жоспарланып отыр".

Сонан соң психологиялық көмек мәселесі сөз болды. Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін мамандардың біліктілігі мәселесін көтерді. Мектеп психологтары үшін оқыту курстарын өткізу қажет деген пікірге келді.

Бұдан әрі мектеп медицинасы жүйесіндегі мейіргерлердің рөлін күшейту, медициналық кабинеттердің жабдықталуына және орта медициналық персоналды даярлауға тиісті көңіл бөлу қажеттігі атап өтілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2172907-qazaqstan-mektepterinde-stomatologiialyq-kabinetter-ashyluy-mumkin/