Қарағандыдағы жеті адам көз жұмған жол апаты: аман қалған қыздың жағдайы қалай
Жарияланған күні:
15 қарашада Алматы – Екатеринбург тасжолында ірі жол апатына түскен 12 жастағы қыз Қарағанды облысындағы ауруханаға жеткізілді. Оның бір иығы сынған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жергілікті ekaraganda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.
"12 жастағы жолаушы қыздың жағдайы орташа ауыр. Бала жарақаты бөліміне түсті. Оның сол иығы сынып, шығып кеткен. Оң жақ қасының төмен жағы сырылған", - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі.
Естеріңізге сала кетейік, жұма күні Қарағанды облысында ірі жол апаты болып, жеті адам қаза тапты. Toyota Alphard автокөлігі аударылған. Оқиға Құрма ауылының маңында болған.
Қарағанды облысының полиция департаменті өкілдері көлік жүргізушілерінен жол жүру ережесін қатаң сақтап, жылдамдықты шектен тыс асырмауды сұрайды.
Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Автор: Талғат Дүйсенбек
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2187996-qaragandydagy-iri-zhol-apaty-aman-qalgan-qyzdyng-zhagdaiy-qalai-ekeni-malim-boldy/