Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының уақытша басшысы тағайындалды

Жарияланған күні:

Әсия Ақанова тағайындау
Әсия Ақанова. Фото: Алматы әкімдігі: gov.kz

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Әсия Ақанова тағайындалды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әсия Ақанова дәрігерлер отбасында туып-өскен. "Болашақ" бағдарламасының түлегі University College London (2013 және Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетін (2015), "жалпы медицина" мамандығы бойынша докторантураны (2016) бітірген.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында жергілікті және мемлекеттік басқару мамандығы бойынша оқуын тәмамдады. Іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесіне ие.

Әсия Ақанова еңбек жолын 2011 жылы ҚазҰМУ отбасылық медицина кафедрасының зертханашысы және әдіскері, доценті, кейін кафедра меңгерушісі болып бастаған.

2018-2020 жылдар аралығында Алматыда Белсенді ұзақ өмір сүру орталығын ашып, оның басшысы атанды.

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ол VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының депутаты. Сонымен қатар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ отбасылық медицина кафедрасының доценті ретінде ғылыми-педагогикалық қызметін жалғастыруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2190002-almaty-qalasy-densaulyq-saqtau-basqarmasynyng-uaqytsha-basshysy-tagaiyndaldy/