Қатерлі ісікке қарсы дәрі екі сынақтан сәтті өтті
Жарияланған күні:
Қазақстандық ғалымдар әзірлеген қатерлі ісікке қарсы препарат сынақтың екі бастапқы кезеңінен сәтті өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ үкіметке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, NU биология профессоры Дос Сарбасов қатерлі ісікке қарсы препаратты әзірлеу барысы туралы баяндады.
Оның айтуынша, дәрі-дәрмекті бірінші рет қабылдағаннан кейін он бес онкологиялық науқастың жағдайы тұрақтанды, олардың алтауында ісіктің өсуі тоқтады, ал біреуінде ол тіпті 30 пайызға азайды. Дәрігерлер препаратта уыттылықтың жоғы расталғаннан кейін оның дозасын арттырды.
"Біз қатерлі ісікке қарсы аппаратты 2022-2023 жылдары сынай бастадық, рұқсат құжаттарын алдық. Клиникалық сынақтың 1-ші және 2-ші кезеңдерін өткіздік. Қазір біз жоғары дозаны алуға қол жеткіздік. Сынақтар Қазақ онкология және радиология институтында өтіп жатыр. Біз глюкозаны сіңіретін рак клеткаларын жоямыз.
Халықаралық патентіміз бар. Бақылау тобында болған 5 пациенттің жағдайын тұрақтандыруға әсер етті. Ісік өскен жоқ, бір науқаста ісік 30 пайызға азайды. Істі соңына дейін жеткізіп, 2-3 жыл ішінде жобаны аяқтауымыз керек", - деді Дос Сарбасов.
Естеріңізге сала кетейік, қатерлі ісікке қарсы препарат дайындалып жатқанын биыл қаңтарда ғылым министрі Саясат Нұрбек мәлімдеген. Сол кезде ол дәріні бір жылдың көлемінде нарыққа шығаруды көздеп отырғанын айтқан.
Кейін репараттың негізгі патенті АҚШ-қа тиесілі, ал Назарбаев Университеті лицензияға ие екені мәлім болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2195079-qaterli-isikke-qarsy-dari-eki-synaqtan-satti-otti/