Әлемнің әр түкпірінде 1 долларға не сатып алуға болады?
Жарияланған күні:
Бар-жоғы 1 долларға тағам сатып алу мүмкін екенін елестетудің өзі қиын. Дегенмен кей елдерде қалтаңда 5 доллар ғана болса да, аштан қатпайтыныңызға көз жеткізуге болады. NUR.KZ порталы әлемдегі арзан тағамдар тізімін bigpicture.ru сайтына сілтеме жасап назарларыңызға ұсынады.
Австралия — «Макдональдстағы» бір коктейль.
Норвегия — жылдам әзірленетін рамен кеспесінің бір қабы.
Венгрия — бір шөлмек шарап.
Гонконг — бір тілім нан.
Нидерланд — супермаркеттегі 10 тал құймақ.
Үндістан — 6 шыны шай.
Шанхай — 10 вегетариандық тұшпара.
Италия — эспрессо немесе капучино.
Нигерия — содалы сусын шөлмегі мен чипстер.
Чехия — жарты шөлмек сыра
Малайзия — он шақты жұмыртқа
Оңтүстік Африка — «Макдональдста» екі чизбургер.
Филиппин — Cheez Whiz ерітілген ірімшігінің екі шөлмегі.
Франция — бір багет.
Колумбия — үш эмпанада (бәліш).
Вьетнам — фо көжесінің бір тәрелкесі (ет пен кеспеден жасалған көже).
Гондурас — 11 банан.
Индонезия — 67 тал сағыз.
Хорватия — бір шыны кофе.
Польша — бардағы бір шот.
Мысыр — фалафель (қуырылған ноқат пен бұршақ), шауырма немесе бір банка тунец консервісі.
Голландия — 6 алма.
Финляндия — хот-дог.
Уругвай — бір литр сүт.
Швейцария — үш тал сағыз.
АҚШ — «Аризона» суық шайының үлкен банкасы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1061217-alemninh-ar-tukpirinde-1-dollargha-qalay/