Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар: Әлемдегі ең биік тау Эверест емес

Опубликовано:

Ғалымдардың айтуынша, әлемдегі ең биік тау Эверест емес, Эквадордағы Чимбарасо сөнген жанартауы деп жазады шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап Қазақпарат.

1953 жылы Эдмунд Хиллари мен Тенцинг Норгрей әлемдегі ең биік тау - Эверест шыңына алғаш рет шыққан уақыттан бері бұл мақсатты өз алдына көптеген альпинистер қойды. Алайда олар тау шыңын дұрыс таңдаған жоқ.

Іс жүзінде ғаламшардың ең биік нүктесі - Эквадордағы Чимбарасо сөнген жанартауы. Оның биіктігі небәрі 6267 метр болса да (Эвересттің биіктігі - 8848 метр), ғалымдар Эверестті неге әлемнің ең биік нүктесі деп санамау керек екенін түсіндіре алады.

Соңғы рет б.д. І мыңжылдығында атқылаған көне Чимборасо XVI ғасырдан бастап XIX ғасырдың соңына дейін әлемнің ең биік шыңы саналған. Бірақ кейін бұл мәліметтерді үнді математигі және топографы Радханат Сикхар жоққа шығарды, деп жазады moya-planeta.ru.

Жүзжылдықтардан кейін франциялық ғалымдар Жер ғаламшарының беті түгел шар тәрізді емес, оның экватордағы радиусы полюстерге қарағанда 20 шақырымдай кеңірек екенін еске салды. Чимборасо Эверестке қарағанда экваторға жақынырақ орналасқан.

Эверест теңіз деңгейіне сүйенсек қана ең биік тау санала алады. Ал егер тауды Жер ортасынан бастап есептесе, Чимборасо жанартауы Эвересттен бірнеше метр биіктеу болады (Эверест - 6381 метр, Чимборасо - 6384 метр).

Тағы оқыңыздар:

2016 жыл тарихтағы ең жылы жыл болуы мүмкін

Қытайда туыстары қаза болған қыз бен жігіттің сыртынан 28 мың долларға той жасады

АҚШ-та фермер түрлі-түсті жүгері өсіріп шығарды (фото)

Қытайда екі аяқты лақ дүниеге келді

Визажист 80 жастағы әжейді 20 жасқа жасартып жіберді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1134215-ghalymdar-enh-biik-tau-everest-emes/

pixel