Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

24 тамызға арналған жұлдыз-жорамал

Жарияланған күні:

24 тамызға арналған жұлдыз-жорамалды anabol.kz сайты назарларыңызға ұсынады.

Тоқты

"Бір қиындықтың артынан екі жақсылық күт" демекші кез-келген қиындыққа шыдап бағыңыз. Ісіңіз алдағы уақытта алға басуы мүмкін. Сондықтан бәріне түсіністікпен қарағаныңыз абзал.

Торпақ

Күннің басы қауырт тірліктермен басталғанымен, ортасына қарай барлығы реттеледі. Қала аралап, қыдырып қайтуыңызға да болады. Немесе кинотеатрға барып, уақытыңызды қызықты етіп өткізуіңізге болады.

Егіздер

Достарыңыз тарапынан қолдау көріп, беделіңіз өсуі мүмкін. Ол үшін тек еңбектенуіңіз керек. Барлық нәрсе өзіңізге байланысты. Қиындықтың барлығын тек қана еңбек жеңетінін біліңіз.

Шаян

Еңбегіңізді бəрі бағалады екен деп тым еркінсіп кетпеңіз. Барыңызды салсаңыз, жеңіп шығасыз. Бірақ арасында денсаулығыңызға да көңіл бөлуге тырысыңыз.

Арыстан

Сізді қолбала қылып жұмсағысы келетіндер де табылады, өзіңізді əлсіз қылып көрсетпеңіз! Кейбіреулердің сондай пасық қылығына күйінбеңіз. Өзінен өзі бәрі қалыпқа келеді, тек аздаған сабыр сақтап күтсеңіз болды.

Бикеш

Достарыңыздың сізді қолқалап ортаға қосқысы келіп жүргеніне біраз уақыт болды. Бірақ үнемі бас тартып жүре бермей, арасында бас қосуға баруға тырысыңыз.

Таразы

Таразы белгісіндегілер үшін бүгінгі күн үлкен жаңалықтарға толы болмақ. Сізге жақындарыңыздан естіген жылы сөздер қуат беріп келеді. Үнемі осындай жылылықты сезініп жүру үшін оларға қамқорлық танытудан шаршамаңыз.

Сарышаян

Өзіңіздің денсаулығыңызға, тамақтануыңызға көптеп көңіл бөліңіз. Жұртқа сене бермей, жаңа таныстықтан қашпаңыз, мүмкін ол адам болашағыңыз болар? Достарыңызбен ойнап сөйлесуден сақ болыңыз, əзіліңіз ұнамай қалуы мүмкін.

Мерген

Қым-қуыт тірлікте жан-жарыңыздың көңіліне қарауды ұмыт қалдырып жүргеніңізді ескеріңіз. Араларыңыз суып кетпеуіне де көңіл бөліңіз. Оның айтқанын орындауға уақыт табыңыз. Сонда ғана тату-тәтті бақытты ғұмыр кешесіз.

Тауешкі

Өзіңізге қолайлы жағдай туғызу үшін, өзіңіздің армандарыңызға қол жеткізу үшін аянбай еңбектенуіңіз керек. Әсіресе қаржы мәселесіне келгенде, ұқыптылықпен қарағаныңыз жөн. Өзіңіздің маңдай теріңізбен тапқан қаржыңызды өзіңіз басқаруға тырысыңыз.

Суқұйғыш

Достарыңызға ұсыныстарды айтуға қысылмаңыз. Тек достарыңызға күйе жағып алудан аулақ болыңыз. Сүйіктіңіздің алдында өзіңізді жақсы жағынан көрсетіңіз, əр сөзіңізді байыппен, ойланып айтыңыз.

Балықтар

Балық белігісінде туғандарды бүгін керемет кеш күтіп тұр. Соның арқасында көптен көрмеген ескі танысыңызды кезіктіріп, айтылмаған əңгімелерді айтып, бір жеңілдеп қаласыз.

Тағы оқыңыздар:

Белгілі кәсіпкер әйел Лилия Рах Алматыда тұтқындалды

Елімізде жоқшылықтан дене мүшесін сатуға дайын адамдар көбейіп кетті

Есіктегі топ болып зорлауға қатысы бар 4-ші күдіктінің есімі анықталды

Назарбаев: Кеңес одағын қалпына келтіргісі келетіндердің басы жоқ

Ақтау тұрғыны алты жасар қызды зорлаған адамды тауып берген жанға 100 мың теңге бермек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1230240-24-tamyzgha-arnalghan-zhuldyz-zhoramal/