Шымкенттен қыз алған құдалар бата берушілерге 200 доллардан "лақтырған"
Жарияланған күні:
Бүгінде ел ішінде той-томалақ науқаны жүріп жатыр. Замана басылымының оқырманы құдалықта бата бергені үшін ақша аямаған құдалары туралы айтып берді.
- Жиен қызымыз жақында Алматының жігітіне тұрмысқа шыққан еді. Кешегі аптада Шымкентте құдаларды күттік. Олар 22 адам болып келді. Біз 50-дей адам болдық, құдаларды ағамыздың үйінде, сосын «Оңтүстік» Қабылдау үйінде күттік. Ол өте қызықты өтті. Құдалар тұрмысы бақуат жандар екен, мұндай кезде арада жүретін сыйлық атаулыны үйіп тастады. Біз де қарап қалған жоқпыз, ортадан жиылған ақшаға аста-төк дастархан жасағанбыз, жақсы асабалар жалдағанбыз, тиісті сый-сияпатты біз де жақсылап жасадық.
Ал қос асаба құдалықты қызықты етіп жүргізіп отырды. Құданың өзімен отбасы болып араласатын үш жолдасы бар екен. Құдалық барысында жігіт пен қызды таныстырып-табыстыру мәселесін олардың сонау Үнді мұхитында жатқан Мальдив аралдарында демалған кезде ұйғарғандарын естіп таңқалдық.
Яғни біздің құда әлгі жолдастарымен жұбын жазбай араласады екен. Өткен жазда олар Мальдив аралдарында демалып қайтыпты. Сонда сөз арасында құда ұлын үйлендірейін десе лайықты қыз көздеріне түспей жүргенін айтып қалады. Сол кезде достарының бірі туыстарының үйінде өзіне балдыз болып келетін бір қыз бар екенін, оның жақсы қыз екенін жеткізеді. Сөйтіп олар елге келгесін жігіт пен қызды таныстыруға келіседі.
Алматыға оралғасын көп ұзамай олар қыз бен жігітті таныстырыпты, жастар бірін-бірі ұнатыпты. Оның ақыры бүгінде осылайша той мен құдалыққа ұласып жатыр.
Құдалар қолы ашық, жомарт жандар екен. Бір туысымызға берген батасы үшін 200 доллар ұстатты. Бата берген тағы бір адам 200 долларға ие болды. Сондай-ақ олар құдалықты жүргізген асабаларға да 300 доллардан берді. Қысқасы, бұл қызықшылыққа қатысқан жұрттың бәрі қарық болды десем өтірік болмайтын шығар, - дейді Рәтбек Толай есімді азамат.
Тойдағы мұндай жомарттықтар Алматы мен Шымкент қалаларында көп кездеседі екен.
Тағы да оқыңыздар:
Жаңа үкіметке Тасмағамбетов келген соң қазнеттегілер сүйінші сұрап, бірін-бірі құттықтап жатыр
Илья Ильин Лондон Олимпиадасындағы алтынынан айырылатын болды
Терещенкодан Мәсімовке дейін - Қазақстан премьер-министрлері несімен есте қалды
Шардаралық жігіт Қайрат Нұртастың қымбат костюмін сатып жібермекші (фото)
Павлодарда жалғыздықтан әбден қажыған зейнеткер 9-шы қабаттан секіріп кетті
Ақтөбеде оқытушылар мүгедек студентті мазақ қылып, оқудан шығарып жіберді
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1251162-shymkentten-qyz-alghan-qudalar-bata-ber/