Қандай тағамға адамның шашы мен шошқаның қылын қосады?
Жарияланған күні:
Тағамның қаптамасында құрамындағы заттар мен тағамдық қоспалар көрсетіліп тұрады. Алайда заттаңбада мүлде жазылмайтын немесе жазылса да ешкім елей бермейтін E-кодтар арқылы белгіленетін қоспалар бар. Fishki.net сайтына сілетем жасап NUR.KZ оның қандай қоспалар екенін анықтады.
Аммиак
Өндірушілер майлы етті майынан арылтып өндіріске жібереді. Арнайы центрифугалар етін бір бөлек, майын бір бөлек етіп бөліп береді. Одан шыққан жартылай фабрикаттың қышқылдығын төмендету үшін, патогендік микроағзаларды өлтіру үшін аммиакпен өңдейді. Дайын болған ет өнімін фарш жасауға пайдаланады. Америкалық нарықта ол фарш өнімдерінің 70 пайызын құрайды.
Құндыз ағзасынан алынатын арнайы сұйықтық
Құндыздардың (жануар) анал тесігінің жанында орналасатын арнайы қалташада жағымды иіс шығаратын сұйықтық жиналады. Оның түсі ашық сары болады. Оны медицинада, әтір өндірісінде және тағамдық ароматизатор ретінде қолданып жүр. Мысалы оны құлпынай, бүлдірген және ваниль иісін қажет ететін сағыз, кәмпит, желатин және пудинг жасау үшін пайдаланады.
Адамның шашы немесе шошқаның қылы
Егер сіз азық-түліктің заттаңбасынан L-цистеин деген жазуды көрсеңіз, оны сатып алардан бұрын тағы ойланыңыз. Адам шашының ақуызынан алынатын аминқышқылдарынан ұн мен ұннан жасалатын нан өнімдерінің сапасын жақсартатын зат алынады. Қоспаны адамның шашын немесе шошқаның қылынан жасайды. Ол заттаңбада E920 деп белгіленеді.
Вирустар
Азық-түліктегі микробтарды өлтіру үшін оған бактериофаг деген сұйықтықты шашады. Олар азық-түлік құрамындағы микробтарды талдап өлтіреді. Мысалы ауа өткізбейтін қаптамаларға салынған ет және ет өнімдері осылай өңделеді.
Гуммилак
Тропикалық өсімдіктерді мекендейтін шұбалшаң гуммилак атты шайыр бөліп шығарады. Оны жинап алып, өңдейді де, спирттік лак, политур сондай-ақ, кәмпит, драже тіпті дәрілерге глазурь жасау үшін пайдаланады. Ол қаптамада кондитерлік глазурь, шайырлы глазурь, шеллак деп көрсетілуі мүмкін.
Целлюлоза
Қағаз, пластмасса, кино, фототаспа өндірісінен басқа целлюлоза тағам өнімдеріне де қолданылады. Жылу беріп өңдегенен соң, целлюлозаны тағамға қоюландыру үшін, тұрақтандыру үшін, майдың орнына, ұлпалардың көлемін ұлғайту үшін қосады. Оны балмұздаққа, қатты сортты ірімшікке жабысып қалмау үшін пайдаланады.
Кармин
Кармин деп аталатын қызыл тағам бояуышы кошениль дейтін жәндіктен жасалады. Оны жұмыртқа балалайтын кезде жинап алып, карминді бөліп алады. Жәндікті кептіріп, ұнтақтап, арнайы фильтрден өткізеді. Бояуды ет өңдеуде, сүт, кондитер және балық өндірісінде, алкогольдік және алкогольсіз сусындар жасауда қолданады.
Тағы оқыңыздар:
Назарбаев Астананың атауын өзгертуге қатысты өз пікірін айтты (видео)
Сапарбаев қолынан смартфон тастамай, ұйықтап отыратын шенеуніктерді сілкіп алды
Танымал ақын Атамқұловпен бірге министрліктен жұмыс тапты
Қасиетті Қағбаны қорлаған үнділік мұсылмандардың қаһарына ұшырады
Ақтаулықтар 87 тәулік бойы өмірі үшін күрескен алты жастағы Викамен қоштасты (фото)
Әйгілі "МузАрт" тобының тарайтыны рас па?
Топырақтың астында қалған ақтөбелік жігіт екі ай бойы ес-түзсіз жатқан
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1327973-qanday-taghamgha-adamnynh-shashy-men-shoshqa/