Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отбасылы жігітті сүйіп қалған ару тығырықтан шығар жол таба алмай жүр

Жарияланған күні:

Отбасылы жігітті сүйіп қалған ару тығырықтан шығар жолды іздеп, Ikerim порталына хат жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

"Менің жасым 29-да. Отбасылы жігітті сүйемін. Маған үйленбесе үйленбесін, тек жанымда болса екен деймін. Баланы да тек сол жігіттен туғым келеді. Ол да мені сүйеді. Құралай ханымның əңгімелерін тыңдасам, дұрыс жүр, дұрыс тұрдан аспайсыз…

Махаббатсыз дүние бос демекші, сонда біз дұрыс болайық деп, махаббатымызға нүкте қойып, бір-бірімізден айырылып, «БОС» өмір сүру керекпіз бе? Ақындар жырлап, кинода көрсететін сезімді сезіну адам баласына неге болмайды? НЕГЕ?", - деп жазған бейтаныс ару. 

"Ұсақ көбелектер дүниедегі бар рахатын жарықтан алады екен. Ол оттан сезінген лəззəтты бұл əлемде басқа тірі жан ала алмайтын көрінеді. Бірақ, ол байғұстың өлетін жері де сол.

Ал, балықтардың дүниеден лəззəт алуы — тамақтан болатын көрінеді. Балық қармақтың ілгегіндегі жауынқұртты жеймін деп өз өмірімен қоштасады. Аузын үшкір темір қанша жырып, ауыртып жанына батып тұрса да, тамақтың лəззəтын татқысы келген байғұс балық ары қарай жұта береді екен.

Ал, біз адамдар, сол көбелек пен балықтан қаншама ақылды болсақ та, нəпсіні тыйып, сананы қосып, ар жағында не жатқанын терең ойлануға шамамыз жетпейді!

Сұрақ қойған қызға айтарым да осы. Сенің өміріңдегі ең басты қиындығың - сол тəттілікке құштарлығың. Басында жарқыраған махаббаттың жылы оты — аяғында ұсақ көбелектің аянышты хəліне əкеп соқпай ма? Лəззатты сезінудің тəтті дəмін татам деп — балықтың тағдырын қайталамайсың ба?!

Сүйем деп жүріп күйіп қалма… Ойлан…", - деп жауап берген кеңесші Құралай ханым.

Тағы оқыңыздар: 

Шымкент әкімінің балаларын астаналық полицейлер ұстап алды (видео)

Бал айына жас жұбайлармен ілесіп барған ене ұлы мен келінін ажырастырып тынды

120 мың тонна қар басып қалған қонақүйдегі жантүршігерлік жағдай

Жансая Әбдімәлік Еуразияның ең сұлу аруы атағына үміткер атанды (фото)

Павлодарда үй тонауға келген ұрылар тәтті ұйқыға батқан

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1388583-otbasyly-zhigitti-suyip-qalghan-aru-tygh/