Жер шарындағы ең ерекше сегіз мекен
Жарияланған күні:
Жатпланеталық өңір секілді көрінетін Жер шарындағы ең ерекше сегіз мекенді topsweet.ruсайты назарларыңызға ұсынады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
Вале-да-Луа (Бразилия)
Вaле-да Лyа мекеніндегі тастар Жер шарындағы ең көне тастардың бірі саналады.
Мак-Мердо (Антарктида)
Мак-Мердо өзінің ерекше табиғатымен талайдың таңдайын қақтырған. Онда бірнеше метр тереңдікке баратын бетін мұз жапқан көлдер бар. Көлдің ішін ғалымдар әлі күнге дейін біле бермейтін ерешке ағзалар мекен етеді.
Сокотра аралы (Үнді мұхиты)
Бұл арал бірегей ағаштарымен әлем назарына іліккен. Аралда 700 шақты сирек кездесетін өсімдік өседі.
Сокотрада ауа райы қатты ыстық болып келсе де, мұндағы өсімдіктер жайқалып өсіп жатыр.
Рио Тинто (Испания)
Бұл мекен өзенінің түсі қызыл болуымен ерекшеленеді.
Өзеннің құрамы ауыр металдарға толы.
Клилук көлі (Канада)
Бұл көл кальций, магний сульфаты, натрий, күміс және титанға бай болғандықтан, осындай күйге түскен. Оның суы біртіндеп тартылып, дөңгелек пішінге ие болуда.
Жергілікті тұрғындар бұл көлдің батпағын емдік мақсатта қолданады.
Салар де Уюни (Боливия)
Құрғап қалған Сaлар де Уюни көлі бүгінде нағыз өзге планета мекеніне ұқсап қалған.
"Қанды тоған" ыстық бұлағы (Жапония)
Бұл бұлаққа шомылуға мүлде болмайды. Себебі суы тым ыстық әрі құрамы темірге толы.
Жергілікті тұрғындар бұл мекенді "тозақтың бірі" деп атап кеткен.
Шилин тасты орманы (Қытай)
Бұл орман Мин династиясы кезеңінен бастап "әлемнің бірінші ғажайыбы" деген атпен танымал болған.
Тағы оқыңыздар:
ШҚО-да апатқа ұшыраған тікұшақ Тұрлыхановтың әйеліне тиесілі болып шықты
17 жасында тұрмысқа шыққан 10 баланың анасы бақытты өмірдің құпиясымен бөлісті (фото)
Алматы облысының тұрғыны ауласына кіріп кеткен төрт жастағы баланы атып тастады (фото)
Қазақ күресіндегі атышулы балуан Олимпиада чемпионын ұтып кетті (видео)
Маңғыстаулық азамат мешітте "әумин" деп айтқаны үшін дауға қалды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1421947-zher-sharyndaghy-enh-erekshe-segiz-meken/